Отбасы - ошақ қасы

Ұмытайын десем, ойлай берем…

  • Ұмытайын десем, ойлай берем…

    Ұмытайын десем, ойлай берем…

 Білесің бе?! Сезесің бе?! Жаным жүдеп, жанарым жасқа толғанда сені ойлағанмын, қасымнан қол ұстасқан ғашықтар өткенде сені ойлағанмын… ойлай да беремін… сені ойламай жүру – өмірден түңілу сықылды…
Өмір жолы қиын… Армандарымыз бізді екі бөлек кетуге мәжбүр етті. Болашақ үшін, бізден үміт күткен жандар үшін жүрекке тұсау салып кете бардым. Бұрын өзіңмен қатар жүрген күндерімнің қадірін білмеппін, тіптен бір қалада жүрудің өзі қандай бақыт еді десеңші… Сағынамын…Әттең, мендік сезімді білмедің ғой, жанымның нәзік сырларын ұқпадың, сен дегенде елең етер көңілімді түсінбедің, сені көргенде жарқ етер жанарымның отын көрмедің…
Уақыт өткен сайын сол қайта келмес күндерім алыстап барады, сол ғажайып сәттерім бұлыңғыр тартуда…

Мен кейде қатты қорқам, бұл ғаламда жалғыз қалғандай түңіліп кетем… Сол сәттерде менің жанымда өзің болғанда ғой деп армандаймын…Өзіңдей ешкімнің бола алмасын білем, дәл сен менің жанымда болып, қорған болсаң деймін, тоңғанымда жылытып, жылағанымда жұбатып, қуанышымды бөліссең деймін.

Есіңде ме, бір рет екеуміз ақ жаңбырдың астында қалып қойғанбыз… Сондағы менің жүрегім, жаным, тәнім де аққан жаңбырды байқамаған да… оның бар бақыты – сенімен қатар жүруі еді…

Сенің тұлғаңның, азаматтық келбетіңнің, батыл көзқарасыңның аясында мен өзімді еркін, қорғаны бар жандай көремін… Дәл сенің жаныңда тұрғандай өзімді ешқашан да жайлы сезінген емеспін…
Мен сені ұмытпағанмен, сен мені ұмытатын секілдісің… ертеңгі күні бір жерде кезігіп қалсақ, жанымнан танымай өте шығатындайсың… Сол қорқыныш еңсемді басып барады… Мен сенің тағдыр жолыңда елеусіз күйде қалатын сияқтымын…
Сендік жүрек те сезім тұтқынына айналды… естідім… көруге дәтім шыдамас еді…Тек бақыт тілеп қана отырайын десем, «қарғыс атқыр» жүрегім қызғаныштың шекпенін киіп, сағыныштың сарқытын сіміріп отыр…Ұмытайын десем, ойлай берем… Ойлаудың өзі ұмытпау екен ғой…

ikerim.kz




Көрілген: 1671    Пікірлер: 0

жұма, 29.05.2020, 16:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31