Отбасы - ошақ қасы

Үйге еркек бас сұқса көрінбеуге тырысамыз

  • Үйге еркек бас сұқса көрінбеуге тырысамыз

    Үйге еркек бас сұқса көрінбеуге тырысамыз

 Сəлеметсіздер ме, əпкелер! Жасым он бесте.Үйдің үлкенімін."Сырласу" клубына келген əрбір хатты оқып отырамын. Кешегі хатты оқып жылағым келді. Менің анам да араққа үйірсек. Əкенің арақ ішкенінен ананың арақ ішкені жаман. Үйге əр күні танымайтын ағалар келеді. Қонақ бөлмеге бізге жайылмаған дастархан жайылады. Шынын айтқанда, көгерген нан жейтін кезіміз болады. Əкем Кореяға кеткелі үш жылдан асты. Хабарласпайды. Анаммен ренжіскен тəрізді. Ай сайын бізге тапқан табысын жіберіп тұрады.

Үйде береке жоқ. Анам арақ ішкен сайын мен жаман боламын. Екі сіңіліме ана орнына ,ана болып мен қараймын.Ал анам ішкен күні бөлмемізді ішінен құлыптап қоямыз. Анама қанша рет жылап, үйге бөтен ағалар келмеуін өтіндім. Тыңдайтын түрі жоқ. Анамды көршілер "жүргіш" дегендерін естіп, көңілім астаң-кестең болады.

Бірде анама келген еркектер мені де умаждап бауырына басып, қол жүгіртпекші болған. Ішімдікке тойып алған анама болса бәрібір, күле қарап тұра берді.Ал мен жанұшырып ол еркектің қолынан әрең сытылып шығып,бөлмеге кіріп үлгердім де есікті кілттеп алдым. Енді, үйге еркек бас сұқса көрінбеуге тырысамыз. Ал сол күнгі ыза мен қорлықтан жарылардай болып таң атқанша жылап шықтым...

Не істесе болады? Анамды қалай емдетеміз?

 

 

Ананоним
 




Көрілген: 2764    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.04.2020, 09:23

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31