Отбасы - ошақ қасы

Үйленбеген ұлына есік көргенді қабылдай ма?

  • Үйленбеген ұлына есік көргенді қабылдай ма?

    Үйленбеген ұлына есік көргенді қабылдай ма?

 Мен де бүгін сіздерден кеңес сұрағалы отырмын. Өзім ойлай-ойлай дұрыс шешімге келе алмай отырмын.

Түсінікті болу үшін басынан бастап жазайын. Барынша қысқартып, түсіндіруге тырысамын. Орыс класта оқыдым. Ойымды дұрыс жинақтай алмай жатсам айыпқа бұйырмаңыздар.

Бес жыл бұрын «ажырасқан» деген жаман атқа ие болдым.

Шынымды айтсам өте жаман екен.Ондай атқа ие болғанша,сол үйден неге өлігім шықпады деп ойлаған кездерім де болды.Біраз уақыт депрессияға түсіп кетіп, одан шыға алмай жүрдім.Көрінгенге көз түрткі болдым.Ажырасқан дегенді естісе немесе білсе кез –келген еркек сені мыжғылап мауқын басқысы кеп тұрады екен.Ол кезде ауыр күйзелісте жүріп еркекке қарайтын шамам болған жоқ.

Арадан бес жыл өтті. Жасым 30-ға таяды. Енді ойлана бастадым. Қашанғы осылай бойдақ өмір жақсы деп жүре бермекпін.Тұрмыс құруым керек деп шештім. Сонымен жақында бір жігітпен таныстым. Жүргенімізге бес айдай болып қалды. Мен өткен өмірімді жасырмай бәрін айттым.Түсінушілікпен қарады. Бірақ,бұл жайлы әке-шешеме айтпаймыз, білсе маған үйленуге рұқсат бермейді деп қалды сөзінің арасында. Басында қуана келіскеніммен, артынша ойланып қалдым. Ертең біреу болмаса біреу айтпайды дейсіз бе? Тіпті өз жағымнан біреу сыбырлай қоймайды дейсіз бе? Қашанғы жасырып жүреміз. «Өтіріктің өрісі тар» деген. Жігітім бар айыбымды бетіме баспай, құда түсіп,сырға салып алмақшы. Келесі айда үйленейік дейді. Бір ай ғана уақытым қалды. Не істеймін? Кеңес беріңдерші.Тығырыққа тірелдім. Ата-анасына айтпай тұрмысқа шығып алуға дәтім барар емес. Айтсақ не болады? Үйленбеген ұлына есік көргенді қабылдай ма?

Жамал

Ақтөбе қаласы
 




Көрілген: 1911    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.04.2020, 08:48

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31