Отбасы - ошақ қасы

Үйленбеген ұлына есік көргенді қабылдай ма?

  • Үйленбеген ұлына есік көргенді қабылдай ма?

    Үйленбеген ұлына есік көргенді қабылдай ма?

Осы айдарды көп оқимын.Өте керемет кеңестер айтылады.Мың түрлі тағдыр.Біреуге жазылған жайт өтірік сияқты әсер етсе, біреу шынайы қабылдап жатады.Жан айқайын жеткізген әр жанның айтқан сыры шындық деп ойлаймын.Мен де бүгін сіздерден кеңес сұрағалы отырмын.Өзім ойлай-ойлай дұрыс шешімге келе алмай отырмын.

Түсінікті болу үшін басынан бастап жазайын.Барынша қысқартып, түсіндіруге тырысамын.Орыс класта оқыдым.Ойымды дұрыс жинақтай алмай жатсам айыпқа бұйырмаңыздар.

Бес жыл бұрын «ажырасқан»деген жаман атқа ие болдым.

Шынымды аййтсам өте жаман екен. Ондай атқа ие болғанша,сол үйден неге өлігім шықпады деп ойлаған кездерім де болды.Б іраз уақыт депрессияға түсіп кетіп, одан шыға алмай жүрдім.Көрінгенге көз түрткі болдым.Ажырасқан дегенді естісе немесе білсе кез келген еркек  сені  мыжғылап мауқын басқысы кеп тұрады екен.Ол кезде ауыр күйзелісте жүріп еркекке қарайтын  шамам болған жоқ.

Арадан бес жыл өтті.Жасым 24- ке кетті.Енді ойлана бастадым.Қашанғы осылай бойдақ өмір жақсы деп жүре бермекпін.Тұрмыс құруым керек деп шештім.Сонымен жақында бір жігітпен таныстым.Жүргенімізге бес айдай болып қалды.Мен өткен өмірімді жасырмай бәрін айттым. Түсінушілікпен қарады. Бірақ,бұл жайлы әке –шешеме айтпаймыз,білсе маған үйленуге рұқсат бермейді деп қалды сөзінің арасында.Басында қуана келіскеніммен,артынша ойланып қалдым.Ертең біреуден болмаса біреу айтпайды дейсіз бе?Тым болмаса өз жағымнан біреу сыбырлай қоймайды дейсіз бе?Қашанғы жасырып жүреміз. «Өтіріктің өрісі тар» деген. Жігітім бар айыбымды бетіме баспай құда түсіп, сырға салып алмақшы. Келесі айда үйленейік дейді. Бір ай ғана уақытым қалды. Не істеймн? Кеңес беріңдерші.Тығырыққа тірелдім. Ата-анасына айтпай тұрмысқа шығып алуға дәтім барар емес.Айтсақ не болады? Үйленбеген ұлына есік көргенде қабылдай ма?






Көрілген: 3481    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.04.2021, 01:03

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Маусым, 09:11
    Байлыққа қызығып,...
    31 Мамыр, 12:57
    Ана сатып аламын...
    2 Мамыр, 22:21
    Қызыма әке керек
    29 Сәуір, 11:07
    Ананың ақылы...
    8 Сәуір, 17:15
    Өгей ана

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30