Үйлену тойында қалыңдығын ұрды: Видеоның мән-жайы

16 маусым 2022, 18:42

Өзбекстанда күйеу жігіт үйлену тойында конкурстан жеңіліп қалып, қалыңдығын ұрып-соқты. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен тарап жатыр. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі Gazeta.uz сайтына сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

Өзбекстанның отбасы және әйелдер мемлекеттік комитетінің мәліметінше, оқиға 6 маусымда Сурхандария облысының Ұзын ауданындағы Толтугай махалласында Р.Х. (1997 жылы туған) мен А. Д. (2003) үйлену тойында болған. Той күйеу жігіттің үйінде өткен. Тойда тәттілерге байланысты байқау болған, оның мақсаты - кәмпиттерді тез ашу. Конкурсты қалыңдық жеңеді, кейін жұбайы оны басынан ұрып салады.

 

Сузун ауданының ішкі істер басқармасы оқиғаны зерттеп, күйеу жігіт және қалыңдықпен, сонымен қатар, олардың ата-аналарымен "профилактикалық әңгіме" өткізді.

 

"Азамат Р.Х. іс-әрекеттерінде қылмыс белгілері табылып, оның құжаттары Ұзын аудандық қылмыстық істер жөніндегі сотқа жіберілді", - делінген комитет хабарламасында.

 

Басылым мәліметінше, ер адамға қатысты әкімшілік жауапкершілік туралы кодекстің 183-бабы бойынша әкімшілік іс ашылған ("Ұсақ бұзақылық" 3-тен 5-ке дейін базалық есептік айыппұл салуға немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады).