Зорлағаны үшін жек көрем

07 сәуір 2021, 11:52

Сәлеметсіздер ме, құрметті қауым. Мен қиындықтан жақсылыққа қадам басқан оқиғамды айтып берейін.
Менің атым Әйгерім. Алматыда тұрамын. Жасым 18-де. Тұрмыстамын.Ерте тұрмыс құрдым. Жұбайымның аты Әнуар, ол 21-де.  
Мен 13 жасымда жол апатының кесірінен ата~анамнан айырлылып қалдым. Үлкен әкемнің тәрбиесінде өстім. Кейін 15 жасымда оқуға түстім. Мен Әнуарды мектеп кезінен танитынмын. Ол мені ұнататын. Бірақ менің оған деген сезімім болған емес. Мен оқуға түскенде ол үшінші курсқа аяқ басқан студент еді. Сол күннен бастап Тым жақсы қыздың бәрін артынан жүгірткен жігіт менің артымнан қалмай қойды. Бір жыл бойы менен жауап күтті. Сосын менен жауап қайтпағасын алып қашуды ұйғарыпты. Мені  түскі уақытта сабақтан шыққан кезде өз қалауымсыз алып қашты. Үйіне әкелді,мен басыма орамалды салдыртпай кетемін деп болмай қойдым. Жүгіріп есікке бара бергенімде әжесі жатып алып кетемін десең аттап өт деді. Ал мен жылап-жылап ақыры қалдым. Бір аптаға жетпей той жасалды. Бірақ мен ол кезде Әнуарды жақсы көрмедім ал ол мені қинаған жоқ. Бөлек жаттық.  
Екі айдан соң Алматыға оқуға кеттік, ата-енем сол жақтан үй алып берді. Бірде Әнуар үйде құрдастарымен отырды, мен бөлмеге кеткенмін. 1 сағаттан соң мас болып қалған Әнуар келді, мен шошып кеттім. Сосын менің қасыма келіп "сен маған адалсың ба" деген әңгімелерді айта бастады. Мас болғасын ба күшейіп кеткен, ақыры маған қысым көрсетті. Мен оны мүлде қаламаған едім. Осыдан соң Әнуарды тіпті  жек көріп кеттім.  

Біраз уақыттан соң жүкті екенімді білдім. Сәбиімді уақытында босандым. Бала дүниеге келгенге дейін арамыз жақсарған жоқ. Ұлымыздың атын Әлішер қойдық. Мен Әнуарды ешқашан жақсы көрмеймін деп ойладым, бірақ бәрі керісінше болды. Арамызда кішкентай періште болған соң ба, арамыз жақсара бастады.Уақыт өте келе  мен оны сүйіп кеттім. Ал қазір Әнуарсыз өмірімді елестете алмаймын.