Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

«Қазақ елі» монументі

14 маусым 2011, 10:48

Бұл – қазақ халқының асқақ рухының нышаны, мем­лекеттіктің қастерлі белгісі. Ескерткіш кешен ниетімізбен түстес ақ мәрмәрдан құйылған колонналардан тұрады. Олардың ортасында биіктігі – 91 метр болатын зәулім мұнара көкпен таласады, бұл Тәуелсіздікке қол жеткізген 1991 жылды меңзейді. Биік тұғырдың ұшар басына азаттық пен мәрттіктің нышаны – самұрық құс қондырылған. Қоладан құйылып, алтын жалатылған құс мүсінінің салмағы 2,5 тоннаны құрайды. Мемориал­дық ансамбль бірнеше мүсіндер жиынтығынан, барельефтерден тұрады. «Тұңғыш Президент және халық» барельефінде сан қилы соқпақтан аман келе жатқан халықтың еркіндікке, гүлденген ел болуға деген ұмтылысы көрініс тапқан. Ата Заңға қол қойып жатқан Елбасының анты мен аманаты да сәтті бейнеленген. «Қаһарман», «Жасампаздық», «Болашақ» барельефтері де еліміздің өткені мен жаңа тарихынан сыр шертеді. Кешеннің авторлары — сәулетші Саматбек Бөкебай мен суретші Сембіғали Смағұлов. Астананың төріндегі зәулім мұнараның алды бүгінде мемлекетіміздің ең басты алаңына айналды.