«Қазақстан» Орталық концерт залы

17 маусым 2011, 10:20

Астана қаласының жаңа әкімшілік орталығында өзінің бірегей сәулет және акустикалық сипаттары бойынша үш мың бес жүз (3500) орынға арнал­ған «Қазақстан» Орталық концерт залы орналасқан. Оның көлемі отыз сегіз мың алты жүз шаршы метрді (38.600 ш.м.) алып жатыр. Идеяның авторы маэстро Манфреди Николетти болып табылады.  Қазіргі күні  «Қазақ­стан» Орталық концерт залына авс­тра­лия­лық Сидней  опера театрының атағы  берілген. Ғимараттың бір артық­шы­лығы, көрермен залы  музы­калық аспап үлгісінде жасалған және ол кез келген концерттік шоуға «бейім­деле алады». Жалпы, бүгінгі таңда  мұндай бірегей жоба ТМД-ның бірде-бір елінде жоқ. Бұл концерт залы  Қазақстан Республикасының мәдениет орталықтарының және сәулет ғимараттарының ең маңызды­ларының бірі болып табылады.