Тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде тұрғызылған әсем ғимараттарымыздың бірі 2005 жылы салынып бітіп, наурыздың 2-сінде салтанатты жағдайда ашылды. Елорданың басты мешіті «Нұр Астана» деген атауға ие болды. Мұсылман мәдениеті орталығының ашылуына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Ол рухани орталыққа Қағба мен Құран бейнеленген, сүрелер түсірілген жапқышты сыйға тартты. Мешіттің іргетасы 2002 жылы қаланған болатын. Құрылысқа 6 840 000 АҚШ доллары жұмсалды. Діни кешен ерлер мен әйелдердің ғибадатына арналған залдардан, әрқайсысы 62 м биікке созылған төрт мұнарадан, қос субұрқағы бар ашық ауладан және имамның үйінен тұрады. 5000 адам сыятын сәулет туындысы ливандық шебер Чарльз Хазифтің жобасы бойынша салынды. Мешіттің бас күмбезінің биіктігі – 43 м. Ғимарат барлығы 3930 шаршы метр аумақты алып жатыр. Еліміздің ең негізгі мешіті елорданың зәулім тұрғын үй ғимараттарымен сәулеттік жарасым тауып тұр.
«Нұр Астана» мешіті
05 шілде 2011, 11:31
