Radisson SAS қонақүйі

08 шілде 2011, 10:51

Radisson SAS Hotel – Астанадағы ең мәр­тебелі мейманханалардың бірі. Мұн­да 181 нөмір бар. Оның 128-і – бір және екі орындық стандартты нөмір бол­са, 34-і – бизнес-класс, 16-сы – бір керуетті люкс, екеуі – екі керуетті люкс. Астанадағы ең сәнді президенттік нөмір осы қо­нақ­үйде. Мұндағы бөлмелердің бәрі техниканың ең озық, ең соңғы үлгі­ле­рімен жабдықталған. Әр нөмірде плаз­ма­лы TV панельдер, жоғары сапалы тегін сым­сыз ғаламтор және шай мен ко­фе ішуге қажеттінің барлығы бар. Пре­зи­денттік люкс зәулім ғимараттың 18-қа­батында орналасқан. Оның те­ре­зе­сінен әсем Астана тұтастай көрінеді. Сон­дай-ақ ерке Есілдің көрінісі көз тар­тады. Бұл арнайы нөмір 275 шаршы метр­ді алып жатыр. Онда мазалы ұй­қыға арналған жа­тын бөлме, екі жуыну бөлмесі, қонақ қа­былдау орны, демалыс орны, жеке ка­бинет пен асхана бар. Radisson клиент­теріне италиялық мей­рам­хана, лобби бар, сигар бар, «Сарыарқа» банкет залы мен түрлі мәжіліс залдары қызмет көр­се­теді.