Талдықорған қаласындағы Достық үйі

09 тамыз 2011, 11:38

Алматы облысының орталығындағы Достық үйі ғимараты 2008 жылдың 28 қарашасында ашылды. Еңселі зәулім ғимараттың жалпы ауданы 4 217 шаршы метр болады. Мұнда мемлекеттік және басқа да ұлттар тілін үйренуге арналған мультимедиялық және лингафон кабинеттері, дыбыс жазу студиясы, би залы бар. Ғимараттағы мәжіліс залына 200 адам сыяды. Түрлі мәслихаттар мен дөңгелек үстелдер өткізуге арналған 50 орындық конференц-зал тағы бар. Ұлттық асханалардың басын біріктіретін дәмхана – 70 орындық. Мұнда 23 ұлттық-мәдени орталықтың кеңселері орналасқан. Егемен ел сәулеті үлгілерінің бірі саналатын нысан жобасының авторы –  Қазақстан Сәулетшілер одағының мүшесі Нұркен Белдібаев. Ғимарат облыс бюджетінің 500 млн теңгесіне тұрғызылған. Достық үйі этникалық және мәдени алуан түрлілігімен ерекшеленетін Алматы облысындағы 103 түрлі ұлт өкілін бір панаға біріктіріп, татулығын нығайтып отыр.