Ұлттық теннис орталығы

04 шілде 2011, 17:17

Егемендіктің тірегі болған жаңарған астанамыздың еңселі ғимараттарының бірі – Ұлттық теннис орталығы. Қазіргі заманғы спорт кешені орталық корттан және 2700 көрерменге арналған трибунадан тұрады. Бұған қоса спорттың бұл бекзат түрімен жүйелі түрде айналысуға мүмкіндік беретін тағы үш жаттығу корты бар. Мұнда телевизиялық және аудиожабдықтар соңғы үлгіде жабдықталған. Соның арқасында Ұлттық теннис орталығында өтетін ракетка жекпе-жектері жоғары деңгейде тікелей трансляцияланады. Еліміздің басты теннис кортында асханалар, киініп-шешіну бөлмелері мен себезгі кабиналары орналасқан. Мұнда спортшылар да, көрермендер де өздерін жайлы сезіне алады. Теннис орталығы аумағында Орталық ашық корт та бар. Оның жанкүйерлерге арналған орындарының қатары 1200-ден асады. Сондай-ақ жеті жазғы жабық алаң да осы спорт кешеніне қарайды. Ұлттық теннис орталығын дамытудың мерзімдік жоспар-бағдарламасы бар.