Қай салада статистика дұрыс болмаса, сол жерде берекесіздік пайда болады

Қай салада статистика дұрыс болмаса, сол жерде берекесіздік пайда болады

Бекен МАНАНОВ, Тұрар Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-дің статистика және экономикалық анализ кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымының кандидаты, доцент:

– Көпшілігіміз статистикаға белгілі бір сандардың жиынтығы ретінде ғана қараймыз. Оның өзектілігі жайлы біле бермейміз. Сондықтан статистика жай­лы әңгіме өрбітсек. Алдымен ста­тис­тика ғылымының тарихына аз-кем тоқтала кетсеңіз. Қазақстанда статис­тика ғылымы қай кезден бастау алды?
– «Статистика» ұғымы латын сөзінен шы­ғып status ахуал-жағдай деген мағы­наны білдіреді. Осы сөздің түбірінен италь­ян­ша «стато» – «мемлекет» және «статиста» – «мемлекет білімпазы» дегенді білдіретін сөздер шығады. Қазіргі кезде статистика термині бірнеше мағынада қолданылады: қоғамдық құбылыстар туралы сандық мә­лі­меттер ретінде; осы мәліметтерді жинау және талдау әдістері мен принциптері жө­ніндегі ғылым саласы ретінде; статистика­лық мәліметтерді жинау, өңдеу, талдау жә­не жариялау бойынша практикалық әре­кет түрі ретінде. Статистика терминін қо­ғамдық ғылым ретінде XVIII ғасырдың ортасында немістің ғалымы, философия және құқық профессоры Готфрид Ахен­валь (1717-1772) енгізген. Жалпы, статис­тика ғылымы, әдістері, әдістемесі, статис­ти­калық қызметтердің қалыптасуына және дамуына ХІХ ғасырда барлық елдер үлкен қызығушылық танытып, көптеген ғалым­дар өздерінің үлесін қосты. Сондықтан ХІХ-ХХ ғасырларда барлық мемлекеттер жүйелі түрде статистикалық органдар құ­ры­лып, жұмыс істей бастады. Қазақстан аума­ғында алғашқы мемлекеттік орган болып Түркістан губерниялық статистика­лық комитеті 1868 жылы құрылған. Оған бағынышты Сырдария, Жетісу статбюро­лары болды. Бірақ 1920 жылға дейін Қазақстанда бірыңғай орган болған жоқ. 1920 жылы Қазақ Автономиялы Социалис­тік Республикасы құрыла сала, Үкіметтің 1920 жылғы 8 қарашадағы қаулысымен «Қазақ АСР-ы мемлекеттік статистикасы туралы Ережесі» бекітілді және Қазақ АСР-ы статистика басқармасы құрылды. Сон­дықтан Қазақстанда 8-қараша статис­тика қызметкерлерінің кәсіби мерекесі – Статистика күні деп саналады.
– Жалпы, статистиканың ел да­муын­дағы рөлі қандай?
– Статистика әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерді, олардың құ­рылымын, динамикасын және өзара байланыстарын, оларда болатын сандық заңдылықтарын анықтау мақсатында са­палық жағымен тығыз байланыстыра оты­рып зерттейтін қоғамдық ғылым саласы болғандықтан, әр елдің дамуындағы рөлі өте зор. Қазіргі кезде статистикалық мәлі­мет­терді, әдістерді қолданбайтын саланы немесе қызмет түрін табу қиын. Қоғамда бо­лып жатқан құбылыстар мен процес­тер­ді, олардың даму үдерісін статистикалық көрсеткіштер жүйесі арқылы сипаттап, талдауға мүмкіндік береді, ел экономи­ка­сының жағдайы мен даму барысын ке­шенді сипаттауды қамтамасыз етеді, ма­ңызды саяси шешімдер қабылдауда және қоғамды дамытуда үлкен рөл атқарады.
– Статистика ілімінің Қазақстан экономикасының дамуындағы рөлін қалай бағалар едіңіз?
– Бұл сұраққа жауап ретінде ел эконо­микасының жағдайы мен дамуын сипат­тайтын статистикалық мәліметтермен қам­тамасыз етудегі статистикалық қызметтің маңызы туралы айтқым келеді. Қазақстан экономикасының дамуындағы статисти­калық органдардың қызметін жоғары ба­ғалауға болады. Еліміз егемендік алып, нарықтық экономикаға көшу барысында статистикалық қызмет үлкен үлес қосты. ТМД елдерінің ішінде алғашқы болып Ұлттық шоттар жүйесін енгізу арқылы ха­лықаралық жүйеге сәйкес нарықтық эко­номиканы сипаттайтын көрсеткіштер жү­йе­сін құрдық. ҰШЖ негізінде құрылған мак­роэкономикалық көрсеткіштер жүйесі ел экономикасының жағдайы мен дамуын кешенді сипаттап, өзара байланыстарын талдауға мүмкіндік береді. Осыған байла­нысты экономикамыз әлемдік қауымдас­тықта ашық және салыстырмалы дәрежеге жетті. Нәтижесінде мемлекеттік кешенді әлеуметтік-экономикалық бағдарлама­лар­ды негіздеп, қабылдау мүмкін болды.
– Егер де статистика ғылымы бол­маса, қоғамның әлеуметтік дамуы қалай болар еді деп ойлайсыз?
– Қай салада статистика дұрыс болма­са, сол жерде берекесіздік пайда бо­ла­ды. Жаңа айтып кеткендей, статистика қо­ғамда болып жатқан барлық құбылыстар мен процестерді сандық жағынан сипат­тап, олардың құрамын, динамикасын, өз­ара байланыстарын зерттейтін ғылым са­ласы ретінде әлеуметтік саланы да қам­ти­ды. Білім, ғылым, денсаулық сақтау, ха­лық­ты әлеуметтік қорғау, зейнетақымен қам­тамасыз ету және тағы басқа әлеуметтік салаларды сипаттайтын статистикалық көр­сеткіштер жүйесі әлеуметтік саланың жағдайына талдау жасап, даму бағдарла­маларын құруға негіз болады. Мысалы, ха­лықтың саны, құрамы және олардың уа­қыт бойынша өзгеруі туралы мәселелердің көптеген экономикалық, әлеуметтік, этни­ка­лық, саяси және басқа да мәселелерді ше­шуде маңызы зор. Бұл мәліметтер көп­теген сұрақтарға нақты жауап беруге, нақ­ты шешім қабылдауға көмектеседі. Мәсе­лен, Қазақстанда зейнетақымен қамтама­сыз етуде қандай проблемалар туындауы мүмкін? Неге зейнеткерлік жасын өсіру керек немесе таяу екі-үш жылда қандай тұтыну тауарларына сұраныс артуы мүмкін және тапшылық болмас үшін ондай тауар өндірісін қалай жоспарлау керек? Немесе 30 жылдан кейін қай салаға қанша маман қажет болуы ықтимал? Демографиялық табиғи өсім қанша болады, соған сай қан­ша мектеп ашу қажет? Ал мұндай са­уал­дар­дың дұрыс жауабын статистикасыз нақты айту мүмкін емес.
– Еліміздегі статистикалық мәлімет­тердің шынайылығына күмән келтіріп, жиі сын айтылады. Өткенде Елбасы да «мағлұматтарды өздеріңе қалай ың­ғай­лы болса, солай жеткізесіңдер» деп шенеуніктерге сенімсіздік білдірді. Осы мәселеге қатысты сіз не айтар едіңіз?
–  Бұл жерде ресми статистикалық мә­лі­меттерді басқа мәліметтерден бөліп қарастырған дұрыс деп ойлаймын. Ал ше­неуніктердің жоғарыға беретіні статистика­лық мәлімет емес, ол өздерінің атқарған жұ­мыстары туралы ақпар. Статистиканың мәліметтерді жинау, өңдеу, талдау бойын­ша ерекше әдістері, тәсілдері, әдістемесі ғылыми негізделіп бекітіледі. Ресми статис­ти­калық мәліметтердің шынайылығына күмән келтіру үшін оған дәлел керек және ол мәліметтерді жасау әдістемесін жақсы меңгеру қажет. Яғни статистикалық әдіс­тер, тәсілдер, әдіснама бойынша кемшілік­терді көрсетіп, алынған мәліметтердің шы­найылығына күмән келтіруге болады. Қа­зақ­стандағы ресми статистикалық мәлі­мет­тердің сапасы жоғары деп айтуға бола­ды. Мен де Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақ­стан­ның мемлекеттік статистикасына 90 жылдығына орай айтқан сөзін келтіргім ке­ліп отыр: «Бүгінде Қазақстанның статис­ти­ка­лық жүйесі жоғары халықаралық стан­дарттарға сай келеді. Осыған бірқатар кең ауқымды бағалау жүргізген халықара­лық ұйымдар республикадағы статис­ти­калық көрсеткіштердің сапасы мен ста­тистиканың БҰҰ қабылдаған негізгі прин­циптерінің сақталуын жоғары деп таныды». Бұл Елбасының және халықаралық ұйым­дар­дың ресми мемлекеттік статистикаға берген бағасы.
– Халық санағы төңірегінде де әр­қилы әңгіме айтылды. «Бізде халық са­на­ғы дұрыс жүргізілмейді» деген пікір­лер әлі де айтылып жүр. Сіздіңше қа­лай?
– Соңғы халық санағы жайында, шы­нын­да да, бұқаралық ақпарат құралдарын­да әртүрлі әңгімелер айтылды. Бұл мә­селеде де әдістемелік, ұйымдастырушылық мәселелерді басқа мәселелерден бөліп айт­қан дұрыс болар. Статистикалық әдіс­теме тұрғысынан халық санағын жүргізудің әдістемелік-ұйымдастырушылық мәсе­лелері отандық және халықаралық тәжі­рибеге сүйене отырып қазіргі жағдайға сай дайындалған. Бұл жерде теріс пікір туғыз­ған орындаушылық мәселелері болып отыр.
– Сіздіңше, статистика саласында қан­дай кемшіліктер бар? Статистика ғылымын қай бағытта дамыту қажет деп ойлайсыз?
– Ресми статистика барлық елдердің қоғам және мемлекет үшін өсуші рөл атқа­рады. Қазіргі кезде жоғары сапалы статис­ти­калық деректер ұлттық, өңірлік және әлемдік деңгейде қолжетімді. Олар ашық пікірсайыстарда, саяси шешімдерді және бизнес-шешімдерді қабылдағанда қолда­нылады. Ресми статистиканы жинау және таратумен айналысатын Ұлттық статисти­ка­лық қызметтер, аса маңызды ұлттық ин­ституттарға айналды. Сапалы статисти­ка­лық деректерді қалыптастыру халық са­на­ғын, халық немесе үй шаруашылықтарын зерттеулерді, әкімшілік деректерді бірік­тіру, ЖІӨ есептеу және бағалау, баға неме­се мыңжылдықты дамыту мақсаттарын ба­ғалау, туу және өлім статистикасын жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Кемшіліктер­ден бұрын жетіспеушілік туралы айтқым ке­леді. Қазақстанда статистика ғылымын дамытатын мамандар жетіспейді. Елімізде статистика мамандығы бойынша кадрлар дайындау көңіл жұбантарлық емес, әсіресе елімізде демографиялық статистика ма­ман­дарын дайындайтын бірде-бір оқу орны жоқ. Біздің университетте де бір кез­дері статистика кафедрасы жабылып, ара­ға біршама уақыт салып, қайта ашыл­ды.
– Сөзіңізден білгеніміз, бір кездері ста­тистика саласы бойынша маман даяр­лау тоқтап, араға уақыт салып қай­та жалғасыпты. Соның салдарынан білікті ұстаздар мен оқулық тапшылы­ғына тап болған жоқсыздар ма? Жал­пы, еліміздің жоғары оқу орындарын­дағы оқулық мәселесі жайлы не айтар едіңіз?
– Жалпы, статистика саласында маман тапшылығы білім саласы халықаралық жү­йеге қосылған кезден өрши түсті. Сол кезде статистика мамандығы қысқарды. Ста­тистика бойынша дәріс беретін мұғалімдер жан бағу үшін өзге салаларға кетті. Бірнеше жыл статистика бойынша мамандар даяр­ланбады. Бұл мамандықтың қажеттілігін ұғы­нып, осыдан үш жыл бұрын «Статистика және экономикалық анализ» кафедрасы болып қайта ашылдық. Енді әр тарапқа та­рап кеткен мамандарды қайта жинақтап жатырмыз. Келесі жылдан бастап қайта ашылған статистика кафедрасының ал­ғаш­қы түлектері маман атанып, еңбек майданына жол алады.
Ал оқулық тапшылығы деген мәселеге келсек, мұндай мәселе барлық оқу орын­дарына тән жағдай. Әсіресе барлық оқу орындарында қазақтілді оқулықтардың тапшы екені рас. Дегенмен тапшылық әр мамандықтың ерекшелігіне қарай әртүрлі деңгейде. Бірақ орыс топтарында оқитын студенттерде ондай мәселе жоқ. Ал қазақ топтарында тәлім алып жатқан студенттерге кей мамандықтар бойынша оқулықтар біршама бар болғанымен, баз бір маман­дықтар бойынша тапшылық сезіледі. Ал статистика мамандығы бойынша қазақтілді оқулықтар, әдістемелік құралдар жоқ­тың қасы. Қазірге қолданып жүрген­де­ріміз орыстілді оқулықтар және де бар­лығы дерлік Ресей ғалымдарының жазған оқулықтары. Сондықтан да қазақ бөлімін­де білім алып жатқан студенттеріміз қазірге сол оқулықтарды пайдалануға мәжбүр. Сонымен қатар университет мамандары­ның қазақ тілінде жазған, әлі оқулық бо­лып шықпаған жазбаларын да қажетімізге жаратып жүрміз.
– Сіздіңше, қазақ тіліндегі оқулық­тар­дың аз болуының себебі неде? Мем­лекет тарапынан бұл мәселеге кө­ңіл бөлінбей отыр ма?
– Мемлекет тарапынан көңіл бөлінбей жатыр деп айта алмаймын. Меніңше, мұ­ның себебі – қазақ тілінде оқулық жаза­тын ғалымдардың аз болуы. Сонан соң, ор­ыс­тілді оқулықтарды сауатты аударма жасай­тын аудармашы мамандардың тап­шы болып отыруы. Әрине, орыс тілінен қа­зақ тіліне аударатын аудармашы көп, бірақ олар тілдік жағынан ғана аударатындар. Ал салалық аудармашылар тапшы. Мыса­лы, экономикалық оқулықты аударатын аудармашы сол саладан түсінігі бар, тер­миндерді ұғатын, оны жатық, түсінікті етіп аударатын болуы тиіс. Ондай болмаған жағ­дайда, аударманың сапасы да, құны да болмайды. Ондай аудармалар бар. Ол оқу­лықты студент түгіл, ғалымдардың өзі түсіне алмайды. Ондай аударма үшін қар­жы шығындаудың қажеті жоқ.
– Өзіңіз де естіп жүрген шығарсыз, еліміздегі жоғары оқу орындарының бі­лім беру сапасы төмен деген сын жиі ай­тылады. Сонан соң, жұмыс беруші­лер де таңдау болған жағдайда шетел­де оқып келген маманға артықшылық береді. Шынымен де, қазақстандық оқу орнында білім алған мамандар бі­ліксіз бе?
– Расымен де, шетелде білім алып келген мамандардың біліктілігі бір саты жо­ғары. Бірақ бұл жерде бір нәрсені еске­руіміз керек, шетелге оқуға баратындар кімдер? Мәселе – осында. Шетелге оқуға ба­ра­тындардың басым көпшілігі – мектепті үздік бітірген оқушылар. Ал үздік оқушы қай жерде де үздік. Егер сол оқушы елі­міз­дің оқу орнын бітірсе де білікті маман бо­лып шығарына мен шүбә келтірмес едім. Мы­салы, шетелде оқып келіп, жұмыс тап­пай жүргендер де баршылық. Неге? Өйт­кені ондайлардың көбі қандай да бір жол­дармен, кездейсоқ шетелдерге барып оқ­ып келгендер. Білім сапасына қатысты тағы бір мәселе – салалық білім берудің бұзы­луы. Бәрімізге белгілі қоғамдық даму на­рық­тық қатынастарға өткен кезде оқу ор­ындары жекеменшікке өтіп, ақылы негіз­дегі білім беруге көшті. Олардың көбі бір сала бойынша маман дайындауды ескер­ген жоқ. Мысалы, педагогика институтында экономист, қаржыгер, заңгер сияқты ма­мандыққа оқыту басталды. Өзіңіз ойлап қараңызшы, педагогика институтында қар­жыгер мамандығына оқыған студент­тен қандай білікті қаржыгер шығуы мүмкін? Сол сияқты қандай білікті экономист, заң­гер шығады? Міне, мәселе осында. Қазақ «шым­шық сойса да, қасапшы сойсын» де­мей ме. Әрбір білім ошағы өз саласы бо­йынша маман даярлау керек. Мысалы, біз­дің университет өз жолынан адасқан жоқ. Мен өзіміздің оқу орнымызды мақтағалы отырғам жоқ. Әркім-ақ біледі, бұрын Ха­лық шаруашылығы институты болып тұр­ған кезде де, қазір де біз тек экономика са­ла­сына қатысты мамандар дайындай­мыз. Шетелдік оқу орындары мен қазақ­стандық оқу орындарын салыстырар бол­сақ, өздеріне тән артықшылығы бар. Мы­са­лы, қазақстандық оқу орындары фун­даменталді білім беру бойынша биік тұр. Ал шетелдік оқу орындарында теория мен тәжірибенің ұштасуы жоғары деңгейде.
– Біраз жылдар статистика маман­да­ры дайындалған жоқ дедіңіз. Сонда статистика мамандығына деген сұра­ныс төмен бе?
– Бұл жерде мәселе сұраныста емес. Жоғарыда айттым ғой, кейбір халықаралық талаптарға байланысты бұл мамандық жа­былған еді. Жалпы, қоғамның барлық са­ла­сында, әлеуметтік салалардан бастап, қаржылық, құқықтық салаларда да статис­тика маманы қажет. Шетелде кез келген мемлекеттік, жекеменшік компания бол­сын, бәрінде статистика маманы бар. Өкі­нішке қарай отандық компаниялар қазірге бұған бетбұрыс жасай қойған жоқ. Деген­мен қазір қалалық статистика департа­менті­мен тығыз байланыста жұмыс істеп жатырмыз. Олар қазірден-ақ мамандарға сұраныс жасап отыр. Сондай-ақ кейбір халықаралық ұйымдар бізге өздері ха­бар­ласып сұраныс жасай бастады. Нақты айтсам, біздің үшінші курсты тамамдаған студентімізді бір халықаралық ұйым жазғы демалыс кезінде шақыртып, уақытша жұмысқа алды. Содан жаңа оқу жылы басталғанда студентімізге соңғы курсты оқымай-ақ қоюын өтініп, дипломы бол­ма­са да жұмысқа алатынын, кейінірек оқуды шетелде жалғастыруға мүмкіндік қарас­тыратынын айтып, ұсыныс жасапты. Ал­ай­да біздің оқушымыз соңғы курсты бітіріп, диплом алуды жөн санайтынын айтқан соң, сабақтан бос уақытта жұмыс істеуге ке­лі­сіпті. Қазір сол бала әрі оқуын оқып, әрі жұ­мыс істеп жүр. Әлі-ақ біздің елдегі ком­па­ниялар да статистика мамандығы­ның қа­жет­тілігін сезінеді. Яғни статистика мама­нына деген сұраныс күрт артады. Өйткені қазіргі кезде бар салада статист маманның істейтін жұмысын басқа бір мамандық иесі атқарып жүр. Ал статистика жай ғана сан­дардың жиынтығы емес. Ста­тистикалық мә­ліметтерді анықтаудың өзін­дік ерек­ше­ліктері бар. Оны тек аталмыш мамандықты оқыған қызметкер ғана нақ­ты жүргізе алады.
– Әңгімеңізге, рақмет!

Алашқа айтар датым
Білімнің іргетасы бастауыш сыныпта қаланатыны белгілі. Сондықтан бастауыш сыныптарда балаға білім беруге аса көңіл бөлуіміз керек. Оқулықтар баланың қызығушылығын тудыруы тиіс. Ал бүгінгі таңдағы бастауыш сынып оқулықтарына менің көңілім толмайды. Тақырыптар өте күрделі. Базбір зерек балалар болмаса, көпшілік бала меңгере алмайтын тапсырмалар бар. Кешегі тақырыпты түсінбеген бала, бүгінгі тақырыпты да түсіне алмайды. Өйткені тақырыптар бір-бірімен өзара байланысты. Ал оны меңгере алмаған соң бала сол пәнді ұнатпай, тіпті жеккөре бастайды. Бәрібір бұл пәнді түсінбеймін деп, балада сол пәнге деген немқұрайдылық пайда болады. Сондықтан меніңше, бастауыш сынып оқулықтарын қайта қарау керек сияқты.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста