Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

"Ескірмеген махаббат": Гүлзира мен Нұртас Айдарбековтердің шетелдегі суреті қызу талқыға түсті

03 тамыз 2022, 12:51

Гүлзира және Нұртас Айдарбековтер Дубайға аттанды. Олар әлеуметтік желіде демалыста жүрген суреттерін бөлісуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Жасымыз келді" демей, бір-бірлеріне деген махаббатарын әдемі кадрлар арқылы көрсете білген жұп көпшіліктің қызу талқысына түсті. Әсіресе жұбайын еркелетіп, көтеріп алған Нұртас Айдарбековті көрген оқырмандар екеуіне сүйсіне қарады. Махаббаттарының ескірмегенін айтып, көпке үлгі болатынын жарыса жазды.

"Романтика болып тұрсыздар, Гүлеке, Нұртас аға", - деп пікір білдірді әнші Мәдина Сәдуақасова. 

"Жігітіңіз күнде көтеріп жүр-ау, қиналмай көтеріп тұр", - деді Жазира Байырбекова. 

"Керемет", "Ешқашан қартаймаңыздар", "Ескірмеген махаббат", "Бақытты әйел, Алла бағыңызды еселей берсін", "Махаббаттарыңыз мәңгілік болсын, тіл көзім тасқа", "Керемет көрініс, екі дүниеде де бірге болыңыздар", - деп қосты желі қолданушылары.