Саяси сахна

15 жылдай жұрт алдына шықпаған Саддам Хусейннің қызы экслюзив сұхбат берді

  • 15 жылдай жұрт алдына шықпаған Саддам Хусейннің қызы экслюзив сұхбат берді

    15 жылдай жұрт алдына шықпаған Саддам Хусейннің қызы экслюзив сұхбат берді

Ирактың бұрынғы басшысы Саддам Хусейннің қызы "Аль-Арабия" Сауд арнасына экслюзив сұхбат берді. Бұл туралы NoonPost мысырлық басылымы жазды, - деп хабарлайды ИноСМИ.

Рагад Саддам Хусейн 15 жылдай жұрт алдына шықпаған, бұқаралық ақпарат құралында да, араб арналарында да көп көрінбеген. Сондықтан оның аяқ асты шығуы сарапшылар арасында қызу талқыға түскен.  

 
Басылым мәліметінше, Рагад ешқашан саяси тұлға болмаған, алайда ақпараттық алаңға шыққан сайын елеулі саяси қарама-қайшылық себебі болған. Оған Рагадтың бұрынғы Ирак президентінің қызы болуы ғана емес, сонымен қатар, оның ел көшбасшысының жақтастары арасында танымалдығы да себеп болған. 

Сауд арнасына берген сұхбатында ол әкесі туралы, балалық шағы мен Хусейн Камелмен бірге тұрған кездегі естелігі мен оның өлім себебі, Ирактың Кувейтке басып кіруі, сондай-ақ, елдегі бүгінгі жағдайға көзқарасы мен оның аумағында қақтығысты қоздырудағы Иранның ролі туралы ойын бөлісті.

Саддам Хусейннің кезінде Иракты салыстыра отырып, Рагад "бұрын халық құрметке ие болғанын және оларды ешкім ренжіте алмағанын" айтады. 

"Адамдар олардың балалары қауіпсіз жерде тұрып жатыр деген сеніммен өмір сүрді", - дейді Рагад. 
Сол кезде тележүргізуші Саддам Хусейн билік еткен кезеңде еркіндік болмағанын еске салды.

"Ал еркіндік деген не? Егер бұл диктатураны жою және демократияны құру ұранымен жаулап алу болса, онда ирактықтарға мұндай еркіндік қажет емес", - деді ол. 
Әңгіме Саддам Хусейннің айналасындағы адамдарға деген қатігездігі туралы болған кезде Рагад әкесі туралы естелігін бөлісті:

"Балаларымен бірге балық аулауға, жүзуге, атқа мінуге баратын, ал үйге келген кезде оларды құшақтап, сүйіп алатын", - дейді ол. 
Сонымен қатар, Рагад Саддам Хусейн күйеуінің өліміне қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, бұл рулық акт болған және күйеуі оның көз алдында өлтірілген. 

Тележүргізушінің "Ол алдағы таңда елдің саяси өміріне араласуы мүмкін бе?" деген сұрағына Рагад "Бәрі де мүмкін" деп жауап берді.   

Өз кезегінде, басылым неліктен Сауд Арабия телеарнасы Ирактың бұрынғы президентіне қатысты редакциялық саясатын өзгерткенін түсінбеген. Себебі арна Саддам Хусейнге және оның режиміне қарсы тұрған. 

Мақала авторы бұған қатысты өз ойын білдірген. Оның сөзінше, Рагад Саддам Хусейн де сұхбат алу үшін бекер таңдалмаған көрінеді. 

kaz.tengrinews.kz




Көрілген: 895    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.02.2021, 09:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28