Саяси сахна

30 желтоқсанда негізгі пікірталасқа «ADAL» партиясынан кім қатысады?

  • 30 желтоқсанда негізгі пікірталасқа «ADAL» партиясынан кім қатысады?

    30 желтоқсанда негізгі пікірталасқа «ADAL» партиясынан кім қатысады?

30 желтоқсан күні Қазақстанда сайлауалды телевизиялық пікірталас өтеді, оған «ADAL» саяси партиясының атынан саяси кеңестің мүшесі және партия хатшысы Эльдар Жұмағазиев қатысады.

Жұмағазиев Эльдар Тынышбайұлы 1973 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Мектепті бітіріп, 1996 жылы Атырау мұнай және газ институтын «Автомобильдер және автомобиль өнеркәсібі» мамандығы бойынша бітірді. 2007 жылы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясында «саясаттану» мамандығы бойынша жоғары білімді екінші дипломын алды.

2000 жылдардың басына дейін Эльдар Жұмағазиев жеке компанияларда жұмыс істеді. 2002 жылдан 2006 жылға дейін оның қызмет саласы өзгеріп, Атырау облысы әкімдігінің жастармен және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс бөлімінде алдымен бөлім бастығы, содан кейін ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2006-2011 жылдары ол аймақтық медиахолдингті, ал 2011 жылы Атырау облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасын басқарды.

2014 жылы Эльдар Жұмағазиев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына ауысып, онда екі жыл блйы басқарма төрағасының кеңесшісі болды, ал 2016 жылы Палата басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Саясат саласында қызмет еткен жылдары ол ел басшылығының құрмет грамоталарымен және медальдарымен марапатталды. Олардың ішінде «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Астанаға 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан полициясына 20 жыл», «Құрмет ордені» бар.

Эльдар Жұмағазиев көптеген азаматтар үшін елдегі жұмыссыздық проблемаларын шешудің тиімді құралдарының бірі - «Бастау» оқыту бағдарламасының авторы ретінде танымал. Бірегей, теңдесі жоқ жоба 2016 жылы сынақтан өтіп, тек 3 жыл ішінде 44 945 жұмыс орны құрылды, 29 965 шағын бизнес ашылды.

Бизнес-жоспар әзірлеумен, тәжірибелі бизнес-жаттықтырушы-практиктерді сүйемелдеумен және қолжетімді микроқаржыландырумен қоса оқытудың заманауи форматы ірі қалаларға (Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе және т.б.) қоныс аударатын жастардың едәуір бөлігін жоғары кірістерді траекторияға шығару бағытында үлкен әлеуетке ие.

Тренингті қазіргі заманғы оқыту әдістерін қолдана отырып, интерактивті түрде бизнес-коуч жүргізеді. Сонымен қатар жеке оқыту бизнес-жоспарын құру немесе бизнес-жобалар әзірлеу бойынша консультацияны қамтиды, жалпы ұзақтығы бір топқа 120 сағаттан аспайды.

Жобаны іске асыру процесінің «кері байланысы» ұсынылған. Әсіресе, оқыту кезеңінде қаржыландыру, қатысушылардың іскерлік идеяларын қолдау, білім алушының дамуын, қаржылық ресурстардың қол жетімділігін, одан әрі өсуі мен кеңейту қажеттілігін бақылау басты назарда.

Бағдарлама аясында 150 мыңнан астам жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар оқытылды.

2017 жылдан бастап Эльдар Жұмағазиев әзірлеген "Бастау" және оның бірқатар бастамалары "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына енгізілді.

 «ADAL» партиясында Эльдар Жұмағазиев бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі - аймақтық дамуды қадағалайды. Ол бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында бірнеше рет мемлекеттің қате саясатының салдарынан қалалар мен ауылдардың тұрғындары кездесетін бірқатар мәселелерді атап өтті.

«Елдің дамуы нақты ауыл мен қаланы ілгерілетуден басталады. Бірақ, ауылдағы өмір деңгейі өзгеріссіз қалуда», - дейді партияның саяси кеңесінің мүшесі.

Эльдар Жұмағазиев мемлекет аймақтарға қатысты саясатын түбегейлі қайта қарауы қажет деп санайды. Оның пайымынша, аймақтардың дамуына тұрғындарды жергілікті мәселелерді шешуге тарта отырып, жеке-жеке қарау керек.

"Өңірлердің тағдыры елордада емес, тікелей сол жерде шешілуі тиіс. Бұл біздің негізгі ұсыныстарымыздың бірі", - дейді саяси кеңес мүшесі.




Көрілген: 1178    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.12.2020, 15:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31