Саяси сахна

300000 адам ADAL партиясына қосылды

  • 300000 адам ADAL партиясына қосылды

    300000 адам ADAL партиясына қосылды

Бұл  партияның ақпараттық-түсіндіру жұмысының аралық нәтижелерінің негізгі көрсеткіштерінің бірі.

Партияның баспасөз қызметі хабарлағандай, 20 күн ішінде (10-30 желтоқсан аралығында) елдің барлық аймақтарында партия мүшелері халықпен 4216 кездесулер өткізді, оған 95 мың адам қатысты.

«Біз азаматтардың партияның алға қойған міндеттерін түсінгендігін аңғардық. Өйткені бағдарламамыз аймақтар тұрғындарының нақты ұзақ мерзімді проблемаларына негізделген. Депутаттыққа кандидаттардың әр кездесуінен кейін ондаған адам партия қатарына кіруге ниет білдіруде. Бұл &ndash азаматтардың бізге сенім білдіргендігі, «АДАЛ» партиясының сайлауалды бағдарламасын қолдағандығы», - дейді партияның саяси кеңесінің мүшесі Эльдар Жұмағазиев.

Оның айтуынша, жақында саяси ұйымның жаңа мүшелері санының күрт өсуі байқалған. Мәселен, науқан басталғанға дейін партия мүшелерінің саны бар-жоғы 53 мың адамды құрапты. Ал бүгінде олардың саны 300 000-ға жеткен.

Партия «естуші мемлекет» қағидаттарын ұстанады, сондықтан, ең алдымен, тұрғындардың проблемалық мәселелерін шешуге назар аударылады. Ал мұндай проблемалық сауалдардың ауқымы өте кең. Көптеген елді мекендерде тұрақты ауыз су жоқ, үйлерге газ құбыры тартылмаған, тұрғындар бұл ахуалға наразы.

Халық жұмыссыздықты, ауылдағы баспана жетіспеушілігін, азық-түлік бағасының көтерілуін және жолдың нашарлығын елдің басты проблемасы деп санайды.

Баспасөз қызметі атап өткендей, проблемалық мәселелер кездесулер кезінде ғана айтылып қоймайды, сонымен қатар азаматтар adalpartiyasy.kz сайтына да өз мәселелерін жазып жіберуде . Оған күн сайын ондаған хаттар түседі, аптасына 350-ге дейін ұсыныс-шағымдар келіп түсуде, сонымен қатар «Сіздің өңіріңіздің проблемалары» сервисіне тұрғындар елді мекендердің ең өзекті мәселелерін жазады.

5 қаңтарға дейін сайтқа 2201 сұрақ келіп түскен. Олардың көпшілігіне жауап берілді. Сұрақтар көбінесе тұрғын үймен қамтамасыз ету, несие бойынша төлемдер, жұмысқа орналасу, жалақының төмендігі, елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту мәселелеріне қатысты.




Көрілген: 1064    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.01.2021, 16:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31