Саяси сахна

65 млрд теңге: бюджетті игере алмаған министрліктер анықталды

  • 65 млрд теңге: бюджетті игере алмаған министрліктер анықталды

    65 млрд теңге: бюджетті игере алмаған министрліктер анықталды

Ірі көлемдегі бюджетті игермеген ведомстволар қатарына - Қаржы, Цифрлық даму, Төтенше жағдайлар, Білім және ғылым және Мәдениет министрліктері кіреді.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2021 жылғы қаңтардағы республикалық және мемлекеттік бюджеттердің шығыстары жөніндегі жоспардың орындалуы жайында айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Министрдің айтуынша, мемлекеттік бюджеттің шығыстары 91%-ға, республикалық бюджеттің шығыстары 94,4%-ға, жергілікті бюджеттердің шығыстары 80,6%-ға орындалды.

Республикалық бюджет бойынша 1 трлн 212 млрд теңге сомасына шығыстар жүргізілді. Орындалмау 72 млрд теңгені құрады, оның 7 млрд теңгесі үнемделді. Игерілмегені - 65 млрд теңге.

Ірі көлемдегі бюджетті игермеген ведомстволар қатарына - Қаржы, Цифрлық даму, Төтенше жағдайлар, Білім және ғылым және Мәдениет министрліктері кіреді.

Игерілмеудің негізгі себебіне: төлем жөніндегі құжаттарға ұзақ уақыт жұмсау, орындалған жұмыстар актісін уақытылы ұсынбау, нақты көрсетілген қызметтер көлемі, орындалған жұмыстар үшін ақы төлеу, шарттар мен қосымша келісімдерді қазынашылық органдарына тіркеуге кеш ұсыну бар. 

«Жергілікті бюджеттердің шығыстары 203 млрд теңгені құрады. Орындалмаған - 49 млрд теңге. Ағымдағы жылы өңірлерге 1,9 трлн теңге сомасында нысаналы трансферттер қарастырылды. 1 ақпанда оларға 32 млрд теңге бөлінді, оның 79,3%-ы игерілді. 6 млрд теңге орындалмаған, оның ішінде 2 млрд теңге үнемделген, 4 млрд теңге игерілмеген», - деп түсіндірді Жамаубаев.

Бюджет қаражатын ең көп мөлшерде игере алмаған өңірлер: Батыс Қазақстан, Жамбыл, Ақмола және Атырау облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы. 




Көрілген: 486    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.02.2021, 13:07

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30