Саяси сахна

"85 миллиард доллардың қаруы бар": Тоқаев Ауғанстаннан келетін қауіп туралы айтты

  • "85 миллиард доллардың қаруы бар": Тоқаев Ауғанстаннан келетін қауіп туралы айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азияға Талибандардан төніп тұрған қауіп жөнінде айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Менің ойымша, бұл елден қауіп пен қатердің төніп тұрғаны анық. Америкалықтар кеткеннен кейін мұнда үлкен көлемдегі қару-жарақ қалды. Және олар жай қару-жарақ емес, құны 85 миллиард долларға бағаланып отырған заманауи қарулар. Босқындардың ағылу қаупі де сейілген жоқ", - деді ол Шығыс экономикалық форумының пленарлық сессиясында.
Президенттің сөзінше, бұл "нәзік" мәселеде Қазақстан Ресей мен Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымына мүше елдерімен бірыңғай пікірді ұстанады.

"Жуықта Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымының саммиті өтті. Ресей президентінің бастамасымен біз Ауғанстанға қатысты мәселелерді талқыладық. Және бұл елден келер қауіп пен қатерге қатысты бірыңғай позицияны ұстану жөнінде шешімге келдік", - деді ол.

Шығыс экономикалық форумы 2-4 қыркүйек аралығында Владивостоктағы федералдық университет кампусында өтіп жатыр.




Көрілген: 684    Пікірлер: 0

жұма, 03.09.2021, 14:56

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31