Саяси сахна

«ADAL» ПАРТИЯСЫ 12 САҒАТТЫҚ ҮЗІЛІССІЗ ТІКЕЛЕЙ ЭФИР ӨТКІЗЕДІ

  • «ADAL» ПАРТИЯСЫ 12 САҒАТТЫҚ ҮЗІЛІССІЗ  ТІКЕЛЕЙ ЭФИР ӨТКІЗЕДІ

    «ADAL» ПАРТИЯСЫ 12 САҒАТТЫҚ ҮЗІЛІССІЗ ТІКЕЛЕЙ ЭФИР ӨТКІЗЕДІ

Қазақстандағы парламенттік сайлау тарихында тұңғыш рет бүгін депутаттыққа үміткерлердің 12 сағаттық тікелей эфирі жүргізілуде.

«ADAL»  партиясы сайлау алдындағы жарыстың соңғы үгіт күнін осылай өткізеді.

«ADAL» партиясының Инстаграм мен Фэйсбуктегі ресми парақшаларында, сондай-ақ Youtube-каналында үзіліссіз тікелей эфир 8 қаңтарда сағат 12.00-ден 23.59-ға дейін ұйымдастырылды. Осылайша, тікелей эфир БАҚ пен Интернетте кез-келген үгіт материалдарын жариялауға тыйым салынған «тыныштық күні» деп аталатын күн басталуға бір минут қалғанда аяқталады.

Тікелей эфирды Мәжіліс депутаттығына үміткерлер Мақсат Толықбай, Дәулет Мұқаев, Олжас Ордабаев, Алмасбек Садырбаев, Лаура Маликова, Ақмарал Бекмұрзаева, Алина Асқарова және партия өкілдері Нұрлыбек Мұқанов, Ануар Керембаев жүргізеді.

Үміткер Мақсат Толықбай бізге тікелей эфир кезінде не туралы айтылғанын айтып берді: «ADAL»-дан Мәжіліс депутаттығына 16 үміткер, сондай-ақ барлық деңгейдегі мәслихаттарға 537 үміткер бір айға жуық уақыт бойы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Бұл елдің 22 қаласы мен 163 ауылдық аймағында 4918 кездесуді қамтыды. Кездесулерге 138856 азамат қатысты. Біздің, әрине, сайлаушылармен айтатын және бөлісетін нәрселеріміз бар. Эфирде партияның құндылықтары, партия бағдарламасының негізгі міндеттері туралы айтамыз. Біз тұрғындардан келіп түскен сұрақтарға жауап беруге, өзекті мәселелерді талқылауға ерекше назар аударамыз».

Оның айтуынша, ел тұрғындары түрлі сұрақтар қойып, түрлі өтініштер жасайды. - Біреу жалақының аздығына, тұрғын үйдің жоқтығына, ауыз суға және жұмыссыздыққа шағымданады. Ал біреу білім беруді, денсаулық сақтауды жақсарту туралы айтады. Күн сайын біз азаматтардың партияға кіруге деген ұмтылысы туралы өтініштер ағымын тіркейміз: қалалар мен ауылдарда орналасқан 3000 қорапқа кездесулердің нәтижелері бойынша 177 мыңнан астам өтініштер келіп түсті. 69 мыңнан астам өтініш adalpartiyasy.kz сайтына түсті. Нәтижесінде біз, партия мүшелері, 300 мыңнан асып кеттік, - дейді Мақсат Толықбай.

Тікелей эфир спикерлері атап өткендей, Қазақстан халқы айтқан тілектер партияның adalpartiyasy.kz сайтында көрсетілген әр аймақтың проблемалық мәселелерінің көрінісі болып табылады

Мұнда олар қалалар мен ауылдар бойынша ұсынылған.Сонымен қатар, веб-сайтта сіз елдегі әр елді мекеннің бюджетін көре аласыз.

Анықтама

2013 жылы Қазақстанда «Бірлік» саяси партиясы құрылды. Партия төрағасы Серік Сұлтанғали.

2020 жылдың 5 қарашасында «Бірлік» өз атауын «ADAL» деп өзгертті (қаз. «Адал» - «адалдық»).

Партияның саяси кеңесінің мүшелері:

Серік Сұлтанғали, Эльдар Жұмағазиев, Ардақ Назаров, Алина Асқарова, Мақсат Толықбай, Алмасбек Садырбаев, Дәулет Мұқаев, Олжас Ордабаев, Игорь Шацкий, Лаура Маликова, Ляззат Шыңғысбаева, Жигули Дайрабаев, Ғалымбек Жақсылықов, Ақмарал Бекмырзаева, Нұрлыбек Мәлелов, Ғани Абадан.




Көрілген: 624    Пікірлер: 0

жұма, 08.01.2021, 13:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31