Саяси сахна

А. Мамин «One Web» басшылығымен ҚР-да спутниктік интернетті дамытуды талқылады

  • © primeminister.kz

    © primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «One Web» британдық компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Сунил Митталды қабылдады.

 

С. Миттал өрістетіліп жатқан «One Web» жаһандық спутниктік желі шеңберінде қолға алынған Байқоңыр ғарыш айлағынан спутниктерді ұшыру жөніндегі жұмыстардың барысы туралы баяндады.

 

Қазіргі уақытта ғарышқа 110 спутник ұшырылды. 2021-2022 жылдары Байқоңыр ғарыш айлағынан 8-ден астам ұшыруды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

 

«One Web» жаһандық спутниктік желісі 1200 км биіктіктегі 18 орбиталық жазықтықтағы 648 спутниктен тұратын болады. 2021 жылдың соңында спутниктік желіні толық пайдалануға беру және оған ҚР аумағына қызмет көрсету күтілуде.

 

Тараптар Қазақстан аумағын, оның ішінде шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарды байланыс спутниктері арқылы жоғары жылдамдықты кең жолақты Интернетпен жаппай қамту жөніндегі жобаны іске асыру перспективасын талқылады.

 

Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық ғарыш орталығы жанындағы Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені базасында «One Web» спутниктері үшін жиынтықтауыштарды құрастыру жөніндегі жобаны іске асыру барысы, сондай-ақ Орталық Азия елдеріне кейіннен «One Web» спутниктік интернетін эксклюзивті дистрибуциялау үшін Қазақстан аумағында шлюз станциясын орналастыру бойынша бірлескен кәсіпорын құру мәселесі қаралды.

 

Кездесуге Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы – АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов, сондай-ақ цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қатысты.

 

«One Web» компаниясы Интернет желісіне қолжетімділік және деректерді жоғары жылдамдықпен беру (пайдаланушы терминалына 5-50 Мбит/с) бойынша қызметтерді ұсыну үшін жаһандық төмен орбиталық спутниктік желіні құрайды.

 

 

 

primeminister.kz




Көрілген: 479    Пікірлер: 0

жұма, 09.04.2021, 17:58

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31