Саяси сахна

А. Мамин бағаның негізсіз өсуін болдырмау бойынша шаралар қабылдауды тапсырды

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында құрылыс материалдарына баға белгілеу мәселесі қаралды.

 

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов баяндама жасады.

 

Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2021 жылғы қаңтар-мамыр айларында бастапқы тұрғын үй бағасының өсуі 8%, екінші қайталама тұрғын үй бағасының өсуі 13% құрады.

 

Отандық құрылыс материалдары бағасының өсімі биылғы қаңтар-сәуірде 16% құрады.

 

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (ҚазҚСҒЗИ) деректері бойынша жыл басынан бері бетонға (12%), цементке (5%), полиэтиленді құбырларға (10%), силикатты кірпішке (6%) бағаның өсуі байқалды. 

 

Ішкі нарықтың қамтамасыз етілуі 50%-дан кем арматура, шыны сияқты импортқа тәуелді материалдар бағасының аса көп өсуі байқалады.

 

Құрылыс материалдары нарығына қатысушылардың өздері хабарлағандай, 2021 жылғы қаңтардан бастап баға өсуінің негізгі себептері электр энергиясының, жанар-жағармай мен магистральдық теміржол желісі қызметінің қымбаттауы болған.

 

Құрылыс материалдары бағасының алыпсатарлық өсуімен күресу мақсатында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі кірпіш, цемент, арматура, қиыршық тас, полиэтилен құбырларын өндірушілер мен жеткізушілерге бұзушылық белгілерін жою және бағаны төмендету қажеттілігі туралы 26 хабарлама жіберді. 

 

Нарық қатысушыларына бағалық әсер ету үшін 10 құрылыс материалдарын өндірушімен монополияға қарсы заңнама нормаларын сақтау туралы комплаенстар жасалды.

 

Тұрғын үй құнының өсуіне құрылыс материалдары бағасының өсуі ғана емес, сондай-ақ сұраныстың артуы да әсер етті.

 

Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша жыл басынан бері жасалған келісімдер саны өткен жылғымен салыстырғанда 2,5 есеге артқан. Осыған байланысты Мемлекет басшысының тұрғын үй нарығында дүрлігу мен бағаның өсуіне жол бермеу жөніндегі тапсырмасын орындау аясында 14 құрылыс компаниясына бағаны төмендету туралы хабарлама жіберілді.

 

«Құрылыстың жоғары қарқыны құрылыстағы барлық шығындардың үлесі шамамен 50%-ды құрайтын құрылыс материалдарына қажеттілікті ұлғайтады. Осыған орай бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу және нарықта қатаң бақылауды қамтамасыз ету бойынша шұғыл шаралар қабылдау өте маңызды», — деді А. Мамин.

 

Үкімет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, жосықсыз өндірушілер мен өнімді жеткізушілерге қатысты қатаң шаралар қабылдауды тапсырды.

 

Премьер-Министр Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, құрылыс салушылар мен құрылыс материалдарын өндірушілер арасында ұзақ мерзімді сатып алу келісімшарттарын жасау мүмкіндігін пысықтауды тапсырды.

 

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне әкімдіктермен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, құрылыс саласында импорт алмастыру бойынша жоспарланған жобаларды уақытында іске қосуды қамтамасыз ету тапсырылды.

 

 

 

primeminister.kz




Көрілген: 687    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.06.2021, 11:32

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30