Саяси сахна

А. Мамин халықты COVID-19-ға қарсы вакцинамен қамтуды кеңейтуді тапсырды

  • © primeminister.kz/

    © primeminister.kz/

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды.

 

Қазіргі жағдай, халықты вакциналау барысы және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов баяндады.

 

 

Вирустың репродуктивті көрсеткіші республика бойынша 1,065 құрайды. Инфекциялық төсек орындарының жүктемесі – 41%, реанимациялық төсек орындары – 27%.

 

Қазіргі уақытта Covid-19 таралу қарқыны бойынша «қызыл аймақта» Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Ақтөбе облыстары тұр.

 

Қостанай және Түркістан облыстарын қоспағанда, қалған барлық өңірлер – «сары аймақта».

 

«Халықты, әсіресе, қамтылуы төмен өңірлерде вакциналаумен қамтуды кеңейту қажет. Ай сайын 2 млн адамды вакцинамен қамтамасыз ету жөніндегі жоспарды нақты орындау керек», — деді А. Мамин. 

 

Премьер-Министр коронавируспен ауырып қалған науқастарға сапалы медициналық көмек көрсетуге және дәрі-дәрмектердің болуына тұрақты мониторинг жүргізуді тапсырды.

 

Әкімдіктерге денсаулық сақтау, ішкі істер министрліктерімен, «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, мобильді мониторингтік топтардың белсенді қатысуымен халықтың санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауын қамтамасыз ету тапсырылды.

 

 

 

primeminister.kz




Көрілген: 384    Пікірлер: 0

сейсенбі, 20.04.2021, 10:15

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31