Саяси сахна

А. Мамин халықты тұмауға қарсы вакциналау науқанын күшейтуді тапсырды

  • ©primeminister.kz/

    ©primeminister.kz/

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды.

 

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсарып келе жатқанын айтты.

 

Барлық өңірде бір ай ішінде аурушаңдық деңгейі айтарлықтай төмендеді. Вирустың репродуктивті индексі 0,88 құрайды. Инфекциялық төсектер 33%, реанимациялық төсектер 32% толы.

 

Коронавирустың таралу қарқыны бойынша Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау және Қызылорда облыстары «жасыл аймақта», Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары «сары аймақта» орналасқан.

 

Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары, Қарағанды, Павлодар және Ақмола облыстары «қызыл аймақта» тұр.

 

Бүгінгі таңда 7,5 млн-нан астам адам вакцинаның бірінші компонентін, 6,4 млн адам екінші компонентін алды

 

Үкімет басшысы халықты вакциналауды жалғастыруды және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

 

Премьер-Министр күзде көбірек таралатын тұмау және басқа да респираторлық инфекциялар бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды қабылдау қажет екенін атап өтті.

 

Тұмауға қарсы вакциналау үшін 2,5 млн доза вакцина дайындалды. Қазіргі уақытта бірінші кезекте балалар, қауіп тобындағы адамдар, медицина қызметкерлері егіледі.

 

«Халықты тұмауға қарсы вакциналауды жандандырып, медициналық ұйымдардың тұмау жұқтырған науқастарды қабылдауға дайындығын қамтамасыз ету қажет», — деді А. Мамин.

 

 

 

primeminister.kz




Көрілген: 365    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.09.2021, 10:10

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қараша, 11:04
    Тоқаев Алматыға келді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31