Саяси сахна

А. Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды

  • © primeminister.kz

    © primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында АӨК, көлік, туризм салаларындағы инвестициялық жобалардың іске асырылуымен, сондай-ақ халықты вакциналау барысымен танысты.

 

Түпқараған ауданында Үкімет басшысы биыл сәуір айында пайдалануға берілген «Ақтау Агро» ЖШС құс фабрикасына барды. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 5 мың тонна тауық етін құрайтын инкубатор цехы, өндірістік кешені және құс сою цехы бар. Құс фабрикасы Маңғыстау облысының ішкі нарығының құс етіне қажеттілігін 50% қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Өнімнің бірінші партиясын осы жылдың маусым айының соңында өңірдің сауда сөрелеріне жеткізу жоспарлануда.

 

 

Инвестициялардың жалпы көлемі 5,7 млрд теңгені құрайды. Кәсіпорында 90-нан астам тұрақты жұмыс орны ашылды.

 

Мұнайлы ауданында Премьер-Министр 85 га аумақта салынып жатқан «Aktau Green House» ЖШС жылыжай кешенінің құрылыс жобасымен танысты. Жоба 2 кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде инвестиция көлемі 26 млрд теңгені құрайды. Биылғы желтоқсан айына қарай кәсіпорында 180-нен астам жұмыс орны құрылады, ал өндіріс көлемі жылына 8 мың тонна көкөністі құрайды. Екінші кезеңде – 2022 жылдың соңына қарай жұмыс орындарының саны 430-ға дейін, ал жылыжай кешенінің қуаты 13 мың тонна өнімге дейін ұлғайтылады.

 

 

Үкімет басшысы халықаралық әуежайдан Ақтау курорттық аймағына дейінгі жолды реконструкциялау, республикалық маңызы бар «Жетібай – Құрық» автомобиль жолын күрделі жөндеу барысын, сондай-ақ өңірдегі басқа да автожол жобаларының іске асырылуын тексерді.

 

 

А. Мамин Ақтау қаласының туристік инфрақұрылымының құрылыс алаңдарын — тақырыптық ойын-сауық паркін, гольф-клубын, апартаменттер мен жалпы саны 600-ден астам нөмірі бар Fairmont, Hilton, Aqualina Resort брендтерінің қонақ үйлерін аралады. Үкімет басшысы жоспарланған нысандар құрылысының уақытылы әрі сапалы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

 

 

Сондай-ақ жұмыс сапары аясында Премьер-Министр «Ясин» медициналық орталығында болып, өңір тұрғындарын коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау барысымен танысты.

 

 

 

primeminister.kz




Көрілген: 430    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.04.2021, 23:00

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30