Саяси сахна

А. Мамин Катар Орталық банкінің төрағасы Абдалла бен Сауд әл-Танимен кездесу өткізді

  • © primeminister.kz

    © primeminister.kz

А.ж. 2 желтоқсан күні ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Катар Мемлекетінің Орталық банкінің төрағасы Абдалла бен Сауд әл-Тани бастаған делегацияны қабылдады.


«Катар ‒ Қазақстанның араб әлеміндегі маңызды саяси серіктесі. Біздің елдеріміз арасында Қазақстанның Тұңғыш Президенті ‒ Елбасы Н. Назарбаев пен Катардың жоғары басшылығы негізін салған сенімді әрі ашық саяси диалог орнаған. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев сыртқы саясаттағы сабақтастықты ұстана отырып, Катармен ынтымақтастықты дамытуға үлкен мән береді», — деді А. Мамин.


Үкімет басшысы сауда-экономикалық, инвестициялық, қаржы-банк және басқа да салалардағы ынтымақтастықты арттыру үшін едәуір әлеуеттің бар екенін атап өтті.


Елдер арасында визасыз режим орнаған, жақында Нұр-Сұлтан мен Доха арасында тікелей рейстер ашылады деп жоспарлануда. Одан соң тұрақты рейстер аптасына 7 рет тек астаналар арасында ғана емес, сонымен қатар Алматы мен Доха арасында да орындалмақ.


Тараптар инвестициялық және қаржы-банк саласындағы екіжақты ынтымақтастық перспективаларын, оның ішінде «Астана» Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) юрисдикциясында катарлық банктер өкілдіктерін ашуды талқылады.


Екі ел кәсіпкерлерінің арасындағы байланыстарды дамыту және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында 2020 жылы көктемде Қазақстан-Катар бизнес-форумын өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.


Кездесуге Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары - қаржы министрі Ә. Смайылов, ұлттық экономика министрі Р. Дәленов және АХҚО басқарушысы Қ. Келімбетов қатысты.


 primeminister.kz




Көрілген: 212    Пікірлер: 0

сейсенбі, 03.12.2019, 16:13

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31