Саяси сахна

А. Мамин ҚР-дағы Азия даму банкінің жаңа директоры Н. Маннапбековті қабылдады

  • © government.kz

    © government.kz

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Азия даму банкінің ҚР-дағы өкілдігінің директоры Нариман Маннапбековті қабылдады, ол осы лауазымдағы Джованни Капаннеллиді алмастырды. 

 

Тараптар инфрақұрылымды, шағын және орта бизнесті, денсаулық сақтауды дамыту және пандемия салдарының Қазақстан экономикасына әсерін азайту жобаларын іске асыруда ҚР мен АДБ-ның одан әрі ынтымақтастығының перспективаларын талқылады.

 

1994 жылдан бастап АДБ Қазақстанда қаржы, инфрақұрылым, энергетика, коммуналдық қызметтер секторы және басқа да салаларды дамыту жөніндегі мемлекеттік жобаларды іске асыруға $5,1 млрд-тан астам қарыз бөлді.

 

АДБ $50 млн-ға көлік және ауыл шаруашылығы кешендерінде, білім беруде, денсаулық сақтауда, шағын және орта бизнесті дамытуда 100-ге жуық техникалық көмек жобасын қаржыландырды.

 

Көлік, коммуналдық қызметтер, мал шаруашылығы және т. б. салалардағы жеке сектор жобаларын іске асыруға $628 млн-нан астам қаражат бөлінді.

 

 

primeminister.kz




Көрілген: 449    Пікірлер: 0

бейсенбі, 12.11.2020, 14:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31