Саяси сахна

А. Мамин ҚР Президентінің Жолдауын іске асырудың Жалпыұлттық жоспарының жобасын әзірлеуді тапсырды

  • http://www.government.kz

    http://www.government.kz

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауын іске асыру шаралары талқыланды.


Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының бес басты бағытын орындау жолдары туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – ҚР қаржы министрі Ә. Смайылов, Үкімет басшысының орынбасарлары Ж. Қасымбек пен Б. Сапарбаев баяндады.


ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыруды толығымен қаржылай қамтамасыз ету шараларын қабылдау қажеттігін айтты.


«Президент тапсырмаларын орындауға барлық бірінші басшылар дербес жауапты екенін назарларыңызға саламын. Атап айтайын, әрбір тапсырмасының орындалуы қатаң бақылауға алынып, орындалуының нақты мерзімі белгіленуі қажет. Біз қойылған міндеттерді тиімді шешу бойынша үйлесімді жұмыс жүргізуіміз керек», — деді Аскар Мамин.


Үкімет басшысы 7 қыркүйекке дейін Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған міндеттерді іске асырудың Жалпыұлттық жоспарының жобасын әзірлеуді тапсырды.


 government.kz




Көрілген: 613    Пікірлер: 0

сейсенбі, 03.09.2019, 12:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қараша, 11:04
    Путин Зеленский жайлы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31