Саяси сахна

А. Мамин су тасқыны кезеңіне дайындықты қамтамасыз ету шараларын қабылдауды тапсырды

  • © primeminister.kz

    © primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мемлекеттің алдағы су тасқыны кезеңіне дайындығы қаралды.

 

Су тасқынына қарсы жағдай және су тасқыны қаупінің алдын алу мен оны жою бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ҚР ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев, өзен бассейндеріндегі гидротехникалық құрылыстардың жай-күйі туралы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев, жол инфрақұрылымын дайындау туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қ. Өскенбаев, елді мекендерді су басуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы Ақмола облысының әкімі Е. Маржықпаев, Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов баяндады.

 

«Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша, осы жылы Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарының жазықтық өзендерінің, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Түркістан және Жамбыл облыстарының тау өзендерінің бассейндеріндегі ылғал қоры орташа көпжылдық мөлшерден жоғары. Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Ақмола облыстарында су қоймаларының жоғары толымдылығы байқалады. Республика бойынша 463 гидротехникалық құрылысты жөндеу қажет.

 

Осы жылдың су тасқыны кезеңіне дайындық мақсатында 2019 жылдың күзінде өңірлер 163 шақырым қорғаныс бөгеттерін салу және жөндеу, жағалауды бекіту, түбін тереңдету, 330 шақырым су тасқыны қаупі бар өзен арналарын түзету, 116 шақырым су бұру арналарын орнату, 2006 шақырым арнаны, арықтарды, автомобиль және темір жол көпірлері астындағы 10314 бірлік су өткізу құрылыстарын тазалау жұмыстарын жүргізді.

 

Су тасқынының алдын алу және салдарын жою үшін 13,5 мың тонна жанар-жағар май, 152,6 мың тонна инертті материалдар, 840 мың құм салынған қап және 47 тонна жарылғыш заттар қоры дайындалды, елді мекендерден 8,8 млн текше метрден астам қар шығарылды. Эвакуацияланған халықты қабылдайтын 1707 пункт дайындалды, эвакуациялау бағыттары жаңартылды, жалпы саны 9 мың адамнан және 1730 бірлік техникадан тұратын ІІМ күштері мен құралдары дайындалды. Халықты хабардар ету және оқыту жұмыстары қолға алынған.

 

Автомобиль жолдарының 464 қауіпті учаскесі, 66 көпір және 852 су өткізу құбыры бақылауға алынды, оларға 883 бірлік жол-пайдалану техникасы бекітілген. Автожолдар мен жол құрылыстарына күнделікті патрульдеу жұмыстары жүргізілуде.

 

«Болжам бойынша республиканың орталық, солтүстік, шығыс бөлігінде қар көп мөлшерде ериді деп күтілуде. Сондықтан барлық әкімдер бүгіннен бастап жағдайды күнделікті бақылауға алуы тиіс. Қарды, әсіресе, ауылдық елді мекендерден шығару үшін барлық қажетті құралдар мен техниканы жұмылдыру керек. Өзен арналарын, ағындарды, нөсерлі кәріздерді тазартуды, уақытша жер үйінділері мен бөгеттер салуды қамтамасыз ету қажет. ІІМ мен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің тиісті қызметтері нақты мониторинг пен бақылау жасауы керек», — деді А. Мамин.

 

Үкімет басшысы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне республикалық маңызы бар автотрассалар мен темір жолдардағы су тасқынын болдырмау үшін тәулік бойы бақылау жасауды ұйымдастыруды, су өткізу құбырлары арқылы тасқын суларды өткізуді қамтамасыз етуді тапсырды.

 

«Экология министрлігі болжамды мәліметтерді ескере отырып, су қоймаларын толтырудың қауіпсіз көлемін анықтап, олардың толтырылуына тұрақты бақылау жасауды қамтамасыз етсін. Қажет болған жағдайда су қоймаларын алдын ала босату шараларын қабылдау керек», — деді А. Мамин.

 

Премьер-Министр ІІМ-ге мүдделі мемлекеттік органдармен және өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, тиісті штабтар құруды, күштер мен құралдардың, оның ішінде халықты хабардар ету жүйелерінің орын алуы мүмкін төтенше жағдайларға толық дайындығын қамтамасыз етуді тапсырды.

 

primeminister.kz

 




Көрілген: 286    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.02.2020, 11:13

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30