Саяси сахна

А. Мамин вакциналау кестесінің орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды

  • https://primeminister.kz/

    https://primeminister.kz/

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал қаралды.

 

Қазіргі жағдай, халықты вакциналау барысы және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың берген тапсырмаларын орындау аясында қабылданып жатқан шаралар туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев баяндады.

 

Республика бойынша вирустың репродуктивтік көрсеткіші 1,15 құрайды. Инфекциялық төсек орындарының жүктемесі 41%, реанимациялық төсек орындары – 27% құрайды.

 

Қазіргі уақытта Covid-19 таралу қарқыны бойынша Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, Батыс Қазақстан, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Ақмола және Қарағанды облыстары «қызыл аймақта» тұр. Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарын қоспағанда, қалған барлық өңірлер – «сары аймақта».

 

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және вакцина алатындардың санын арттыру бойынша алдымызға нақты міндет қойды», — деді А. Мамин.

 

Премьер-Министр әкімдерге эпидемиологиялық жағдайға байланысты жедел шектеу шараларын қабылдауды, барлық емдеу мекемелерін дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың қажетті көлемімен толық қамтамасыз етуді, санитарлық нормалар мен маска тағу режимін сақтауды күшейтуді тапсырды.

 

 

 

primeminister.kz




Көрілген: 433    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.04.2021, 11:22

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31