Саяси сахна

А. Маминнің Шығыс Қазақстан, Алматы және Қарағанды облыстарына жұмыс сапарының қорытындысы

  • © qamshy.kz

    © qamshy.kz

Қазақстанның Премьер-Министрі ел өңірлеріне сапарлар аясында берілген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларының іске асырылу барысын тексерді. Еліміздің орнықты көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысына баса көңіл бөлінді.


* Шығыс Қазақстан облысында Асқар Мамин «Өскемен – Талдықорған» автожолын салу жобасын іске асыру барысын қарады. Биыл 265 шақырым жолда қозғалысты ашу көзделген. Жалпы, ұзындығы 763 шақырым болатын жол 2020 жылы пайдалануға толықтай беріледі.


* Шығыс Қазақстан облысының Қабанбай ауылында ҚР Премьер-Министрі Алакөл көлінің жағалауындағы шығыс бөлігіндегі демалыс аймағын абаттандыру барысымен танысты. Мұнда соңғы екі жылда 5,3 млрд теңгеге ауқымды жұмыстар жүргізілген. Жағалауды дамыту жұмыстары жалғасуда, жағалау жиегіндегі адамдар серуендейтін жол кеңейтілді.


* Алматы облысында ҚР Үкіметінің басшысына ұзындығы 355 шақырымдай болатын «Өскемен – Талдықорған» автожолының шығыс бөлігін реконструкциялау, ұзындығы 184 шақырым болатын «Үшарал – Достық» автожолын салу жобасы туралы баяндалды.


* Асқар Мамин Ақши ауылындағы Алакөл көлінің қоршаушы бөгетінің құрылыс орнын тексерді. Нысан жағалауға жақын орналасқан ауылдардың 2,5 мыңнан астам тұрғынын толқындардың салдарынан қорғауға мүмкіндік береді.


* Алакөл көлінің оңтүстік жағалауында ҚР Премьер-Министрі туристік инфрақұрылымның дамуымен танысты. 2018 жылы тамыз айында пайдалануға берілген 450 орынға арналған «QOQTEM GRAND RESORT» қонақ үй кешені араланды.


* Қарағанды облысында «Қарағанды – Балқаш», «Қарағанды – Теміртау» және «Қарағанды қ. айналма жолы» автожолдарының учаскелеріндегі жұмыстар тексерілді. «Қарағанды – Балқаш» жобасы бойынша биыл 187 шақырымда жол қозғалысы ашылады. Нысанды толық пайдалануға беру 2020 жылға жоспарланған. «Қарағанды – Теміртау» және «Қарағанды қ. айналма жолы» жобалары бойынша жұмыстар жыл соңына дейін 61 шақырым жолды пайдалануға берумен аяқталады.


ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Шығыс Қазақстан облысы жолдарының учаскелеріндегі құрылыстың жоғары қарқынмен жүріп жатқанын атап өтіп, Алматы және Қарағанды облыстарының нысандары бойынша құрылыс жұмыстарының екпінін күшейтуді тапсырды. Үкімет басшысы жергілікті тұрғындарды объектілерді іске асыруға тартудың, еңбекақы төлеудің қажетті жағдайларын қамтамасыз етудің және қазақстандық қамту үлесін арттырудың маңыздылығын атап өтті.


«Инфрақұрылым жұмыс істеуі керек. "Өскемен – Талдықорған" және "Қарағанды – Алматы" жобалары бойынша міндет – 2020 жылы жолдағы қозғалысты ашу. Сапа мәселесі негізгі басымдықта болуы қажет», — деді А. Мамин. — Алакөл көлінде туристік әлеуетті дамыту жұмыстарын жалғастыру қажет. Биыл шығыс және оңтүстік жағалауларға 2 млн-ға жуық турист келеді».



 primeminister.kz




Көрілген: 555    Пікірлер: 0

сенбі, 25.05.2019, 17:22

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31