Саяси сахна

Абаев: Аналарға баспана берсек, бақытты болып кете ме?

  • Абаев: Аналарға баспана берсек, бақытты болып кете ме?

    Абаев: Аналарға баспана берсек, бақытты болып кете ме?

Қазақстан ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев 16 мамыр күнгі аналардың наразылығы туралы пікір білдірді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттық Радиосына сілтеме жасап.


Азаттық тілшісіне берген сұхбатында Абаев анау айтқандай ашылып дәнеңе демеген. Бар болғаны сұраққа сұрақпен жауап қатқан министр наразы аналарға баспана бергенмен олардың бақытты болып кетпейтінін меңзеп отыр.


"Мәселен, кеше Астана экономикалық форумы өтіп жатқанда бір топ көп балалы ана шығып, баспана беруді талап етті. Олар көп балалы аналарды мемлекет баспанамен қамтамасыз етуі керек деп санайды. Біріншіден, біз оларға баспана берсек, олар бақытты болып кете ме? Екіншіден, бұл мәселені шеше ме? Мемлекет баспанамен қамтамасыз ету үшін қыруар қаржы бөлуге дайын ба? Бәлкім біз жағдай жасап, соған басымдық беруіміз керек", - деді Абаев.


Естеріңізге сала кетейік, 16 мамырда бір топ көп балалы және жалғызбасты аналар биліктен баспана мәселесін шешуді сұрап, Нұр-Сұлтанда наразылыққа шыққан.


 


Ұсынған: Мият Кәшібай


Qamshy.kz





 




Көрілген: 584    Пікірлер: 0

сенбі, 18.05.2019, 12:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30