Саяси сахна

Әблязов 15 жылға сотталды

  • Әблязов 15 жылға сотталды

    Әблязов 15 жылға сотталды

  • Әблязов 15 жылға сотталды

    Әблязов 15 жылға сотталды

Ресейде сот 58 миллиард рубльден аса ақшаны жымқырды деп айыптаған Мұхтар Әблязов пен "БТА Банктің" бұрынғы қызметкерлеріне қатысты сырттай үкім шығарды. 173 миллард рубльден аса сомаға азаматтық талап қанағаттандырылды, - деп хабарлайды РИА Новости РФ Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мәскеу қаласының Таган аудандық соты "БТА Банк" АҚ бұрынғы директорлар кеңесінің төрағасы Мұхтар Әблязов, сол банктің басқарма төрағасы Роман Солодченко, сондай-ақ олардың қарамағанда жұмыс істеген Артур Трофимов, Игорь Кононко, Татьяна Параскевич, Анатолий Ерещенко және Александр Удовенкоға қатысты қылмыстық іс бойынша сырттай үкім шығарды. Оларға РФ ҚК 159-бабы 4-бөлігі (алаяқтық), 174-бабы 3-бөлігі (қылмыс жасау арқылы иеленген мүлікті заңдастыру), сондай-ақ 165-бабы 3-бөлігінің "а", "б" тармағында (ұйымдасқан топ арқылы аса ірі көлемде шығын келтіру) қарастырылған қылмыстарды жасады деген айып тағылды", - делінген хабарламада.
Сот 2006-2009 жылдары банктің аталған қызметкерлері "БТА Банк" АҚ-дан 58 миллиард рубльден аса жымқырды деп анықтады. Мұндай мақсатпен ақшалай заем арқылы алынған жер учаскелерін кепілге қойып несие берген. Әрі қарай Әблязов аталған тұлғалармен бірлесіп, ипотека шартының қызметін заңсыз тоқтатуды ұйымдастырған. Нәтижесінде банк кепіл бойынша өтеп алу мүмкіндігінен айырылып қалды, ал олар мүлікті өз қалауынша рәсімдеген, оның ішінде үшінші тұлғалардың атына рәсімдеп, иемденген.

"Мемлекеттік айыптаушының позициясын ескере отырып, сот Әблязовті 15 жылға, Кононконы 10 жылға, Параскевичті 12 жылға бас бостандығынан айырды. Ерещенко және Удовенко 13 жылға сотталды. Зардап шегушінің ("БТА Банктің") 173 миллиард рубльден аса сомаға мүлік залалының орнын толтыру туралы азаматтық талабы толық қанағаттандырылды", - делінген прокуратураның хабарламасында. 
 
Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

kaz.tengrinews.kz




Көрілген: 736    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.12.2020, 09:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31