Саяси сахна

"Әділ болуы керек": Тоқаев зейнетақы жинағын пайдалану туралы айтты

  • "Әділ болуы керек": Тоқаев зейнетақы жинағын пайдалану туралы айтты

Қазақстан президенті азаматтарға өз жинағын түрлі құрал арқылы басқаруға мүмкіндік беру қажет екенін атап өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылған парламенттің алғашқы сессиясында зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту тұжырымдамасы әзірленіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Президенттің пікірінше, зейнетақы жүйесі әділ және адам мүддесіне сай келуі керек.

"Зейнетақы жүйесі әділ болып, адамдар мүддесіне сай болуы керек. Біз маңызды, бірегей реформаны &ndash зейнетақы активтерін ішінара алу және пайдалану мүмкіндігін іске қостық. Сонымен қатар азаматтарға өз жинағын түрлі құрал арқылы басқаруға мүмкіндік беру қажет", - деді мемлекет басшысы.
Оның айтуынша, үкімет пен Ұлттық банк зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту тұжырымдамасын әзірлеп жатыр.

"Оны іс жүзінде жүзеге асыру сапалы заңнаманы талап ететіні анық", - деді Тоқаев.

Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылған парламенттің алғашқы сессиясына қатысты.

10 қаңтарда Қазақстанда мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау өтті. Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, парламенттің төменгі палатасына үш партия өтті: Nur Otan, "Ақ жол" және Қазақстан халық партиясы.

Сондай-ақ, мәжіліс депутаттарының қатарына Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері де енді.




Көрілген: 920    Пікірлер: 0

жұма, 15.01.2021, 11:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31