Саяси сахна

«Ахуал біршама тұрақтанды»: Президент қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

  • «Ахуал біршама тұрақтанды»: Президент қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

    «Ахуал біршама тұрақтанды»: Президент қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
"Құрметті отандастар! Сіздерді Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – ислам әлеміндегі айтулы әрі қастерлі мейрам. Ораза айт - рухани тұрғыдан жаңаруға және кемелденуге үндейтін қасиетті Рамазан айына жалғасып, жақсылыққа жетелейді.

Имандылықпен берік үндес адамгершілік пен бауырмалдық, қарапайымдылық пен кішіпейілділік – ұлттық тәлім-тәрбиенің бастауы. Оны бүгінгі ұрпақтың өмір салтына айналдыруымыз керек.

Мейрам күндері күллі мұсылман қауымы бір-біріне қамқорлық жасап, мұқтаж жандарға қолдау көрсетеді. Мұндай игі істер біздің ырыс-ынтымағымызды арттыра түседі.

Рамазан айында сабыр сақтап, төзімділік танытқанымыздың арқасында індетке байланысты қалыптасқан ахуал біршама тұрақтанды.

Халқымыздың парасаты мол, бірлігі бекем болса, бұл сынақтан да сүрінбей өтеміз деп сенемін! Ораза айт құтты болсын!Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толайым табыс тілеймін!", - делінген Тоқаевтың қазақстандықтарды құттықтау сөзінде. 

 

 




Көрілген: 542    Пікірлер: 0

жексенбі, 24.05.2020, 13:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31