Саяси сахна

Аида Балаева БАҚ бостандығы мәселелері бойынша ЕҚЫҰ өкілімен кездесті

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі өкілі Тереза Рибейроның Қазақстан мен Орталық Азия елдеріне сапары аясында кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

А.Балаева азаматтардың ақпаратты еркін алуға және таратуға конституциялық құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету жолындағы Қазақстанның дәйекті қадамдары, сондай-ақ пандемия жағдайында БАҚ-ты қолдау және кірістерді қысқарту жөніндегі шаралар туралы айтып берді.

 

 

Министр БАҚ өкілдерінің кәсіби қызметін жүзеге асыру кезінде олардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің маңыздылығын ерекше атап өтті.

 

Екіжақты өзара іс-қимылдың маңыздылығын ескере отырып, А.Балаева Т. Рибейроны министрліктің БАҚ-ты дамыту саласындағы түрлі жобалары аясында өзара жемісті жұмысқа шақырды.

 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар БАҚ-ты дамыту саласының барлық негізгі мәселелері бойынша байланысты дамытуға келісті.

 

 

 




Көрілген: 588    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.09.2021, 14:56

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31