Аида Балаева БҚО интеллигенциясымен, белсенді жастармен кездесті

08 қазан 2021, 21:43

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар — ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауын іске асыру аясында жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

«Министр әкімдік активімен кездесуде мемлекет пен қоғамның дамуы орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың азаматтық қоғаммен, ғылыми және шығармашылық интеллигенциямен, жастармен тиімді өзара іс-қимылына тікелей байланысты екенін атап өтті», - делінген министрлік ақпаратында.