Аида Балаева жаңа қызметке тағайындалды

11 қаңтар 2022, 18:26

Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

 

«Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымына тағайындалсын», – делінген Жарлықта.

 

Аида Ғалымқызы Балаева 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген.

 

1999-2002 жылдары – Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы.

 

2002-2004 жылдары – Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының талдау және қоғамдық-саяси үрдістерді үйлестіру бөлімінің бастығы.

 

2004 жылғы қаңтар мен қыркүйек аралығында – Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасының талдау және болжау бөлімінің бастығы.

 

2004-2005 жылдары – Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы бастығының орынбасары.

 

2005-2006 жылдары – Алматы қаласының ішкі саясат департаменті директорының орынбасары.

 

2006-2008 жылдары – Алматы қаласының ішкі саясат департаментінің директоры.

 

2008-2010 жылдары – Астана қаласының ішкі саясат басқармасының бастығы.

 

2010-2014 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары.

 

2014-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.

 

2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі.

 

2020 жылдың 4 мамыр күні Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды.

 

Құрмет» орденімен (2010), 2 медальмен марапатталған. Әлеуметтік ғылымдар кандидаты.