Саяси сахна

Аида Балаева қазақстандықтарды халықаралық отбасы күнімен құттықтады

  • https://egemen.kz/

    https://egemen.kz/

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Facebook-тегі парақшасында қазақстандықтарды халықаралық отбасы күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

«Бүгін – халықаралық отбасы күні. Отбасы – баршамыз үшін қастерлі де қадірлі ұғым. Расында әрбір отбасы – тұтас қоғамның айнасы. Бірақ, отбасының іргесін бекітіп, қабырғасын қатайту – өмірге ұрпақ әкелу, мол табыс табу қағидаларымен ғана шектеле ме?! Менің ойымша, отбасының беріктігі – ең алдымен ондағы өзара сыйластық пен құрметке, биік рухани деңгей мен тәрбиеге байланысты. Біздің қай-қайсымыз өмірлік дағдыны, мінезімізді, басқалармен байланыс мәдениетін отбасындағы тәрбиеден қалыптастырамыз. Әке-шешенің бір-біріне деген құрметі, айналаға деген қарым-қатынасы – бала үшін ең бірінші өмірлік үлгі. Соның ішінде, ананың ықпалы мен рөлі әсіресе ерекше деп санаймын. Әйелдің ата-анаға деген ізеті, жұбайына құрметі, баласына деген мейірімі, өзіне деген сенімі – барлығы да бала тәрбиесіндегі негізгі алғышарт. Баланың тыңдап ой түзейтін де, қарап бой түзейтін де үлгісі осында жатыр», деп жазды Аида Балаева.

 

Бұдан бөлек, ведомство басшысы «Ұяда не көрсең – ұшқанда соны ілесің» деген халық даналығын тілге тиек етті.

 

Себебі отбасылық тәрбие – күнделікті жауапкершілік. Бұның барлығы да – біздің халықтың өзіне тән отбасылық тәрбие институтында бар дүние. Ол ғасырдан ғасырға созылып, ұрпақтан ұрпаққа сабақтасып келеді. Себебі бұл ұлттық кодымызға жазылған рухани құндылықтар.

 

«Біз кеше ғана жылдағы дәстүрмен кезекті «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын бастадық. Бұл шын мәнінде нағыз халықтық қолдауға ие ұлттық жобаға айналды. Бүгінде кейбір БАҚ елімізде отбасылық құндылықтардың өзгергенін жазып жатады. Дегенмен, шын мәнінде, біздің қоғамда үлгі болатын отбасылар өте көп. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде ұйымдастырылатын осындай әртүрлі жобалар мен байқаулар бізге осыны көрсетіп келеді. Мұраты биік мемлекет те, бірлігі берік қоғам да – ең алдымен бірлігі бекем, берекесі мол отбасыдан құралады. Осындай отбасылар – ертеңгі ел басқаратын зиялы азаматты да тәрбиелейді, бәсекеге қабілетті қоғамды да қалыптастырады. Сондықтан Отбасы мерекесі баршаңызға құтты болсын! Дендеріңізге саулық, баянды бақыт пен берекелі татулық тілеймін! Отбасыларыңыз аман болсын!», деп түйіндеді сөзін министр.

 

Айта кетейік, бүгін әлем елдері халықаралық отбасы күнін атап өтіп жатыр.

 

 

 

 




Көрілген: 669    Пікірлер: 0

сенбі, 15.05.2021, 13:02

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30