Саяси сахна

Аида Балаева Өзбекстандағы қазақ мәдени орталықтарының өкілдерімен кездесті

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Ташкентте Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Өзбекстандағы қазақ мәдени орталықтарының өкілдерімен кездесті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Кездесу барысында министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жақында болған Қазақстан халқына Жолдауында көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасын әзірлеуге бастама бергенін, сондай-ақ, жалпы тарихи Отанына келетін қандастардың бейімделуіне жәрдемдесуге қабілетті сұрақтар өзектендірілгенін айтты.

 

 

Бұдан басқа, Аида Балаева осыдан бұрын қандастарға Қазақстан азаматтығын алу бойынша тиісті құжаттарды беру, қандастар қатарындағы жастар үшін Қазақстанның жоғары оқу орындарында берілетін квоталар туралы мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімі мен мерзімдері айтарлықтай жеңілдетілгенін атап өтті.

 

 

Сонымен қатар, Аида Балаева қазақ халқының мәдениеті мен тілін сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

 

Еске сала кетейік, Өзбекстанда әлемдегі ірі қазақ қауымдастықтарының бірі тұрып жатыр және өткен жылы Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму, Сыртқы істер министрліктерінің қолдауымен осы елдің астанасы Ташкентте «Abai Uii» мәдени-іскерлік үйі ашылды.

 

Министрмен кездесуге Өзбекстан қазақ жұртшылығының көрнекті өкілдері, оның ішінде республикалық Қазақ ұлттық мәдени орталығының төрағасы С.Үсенов, академик, профессор Қ.Сейданов және басқалар қатысты. ие.

 

Кездесуді ұйымдастыруға Қазақстанның Өзбекстан Республикасындағы елшілігі атсалысқанын айта кету керек.

 

 

 




Көрілген: 641    Пікірлер: 0

жексенбі, 19.09.2021, 17:54

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31