Саяси сахна

«Ақ жол» партиясынан президенттікке әйел адам үміткер болуы мүмкін

  • © BAQ.KZ

    © BAQ.KZ

«Ақ жол» демократиялық партиясының кезектен тыс XV съезіне Ақтөбеден алты делегат қатысады. Делегаттар бүгін партияның облыстық филиалының конференциясында сайланды. Партия ұйымдарының конференциясына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» фракциясының мүшесі Дания Еспаева қатысты.


Ақтөбеде «Ақ жол» демократиялық партиясының кезектен тыс XV съезіне қатысатын делегаттар анықталды. Облыс орталығында өткен конференцияға ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Дания Еспаева және партияның облыстық филиалының төрағасы Асқар Садықов қатысты. Дания Еспаеваның сөзінше, «Ақ жол» партиясы перзиденттікке тұңғыш рет үміткер ұсынғалы отыр.


«Өткен аптада Нұр-Сұлтан қаласында «Ақ жол» демократиялық партиясының пленумдық отырысы өтті. Елде өтетін кезектен тыс президент сайлауына үміткер ұсыну мәселесі көтерілді. Дегенмен, отырыста әр аймақта жиын өткізіп, делегаттар сайланады және Съезде нақты шешім қабылданады деп шешілді. Бүгінгі конференцияға партия төрағасы Азат Преуашев келу керек еді. Нұр-Сұлтан қаласындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты қатыса алмады», - деді «Ақ жол» демократиялық партиясы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Асқар Садықов.


Елордада өткен партия пленумында кезектен тыс президенттікке үміткерлер анықталмады. Өңірлердегі филиал төрағалары мен орталық комитеттің мүшелері партия төрағасы Азат Перуашевтың кандидатурасын ұсынған. Алайда, одан өзге бірнеше адам үміткер ретінде сайлауға қатысқылары келетіндерін айтыпты. «Ақ жол» партиясынан президенттікке әйел адам да үміткер болуы мүмкін.


«Біздің партия президенттік сайлауға тұңғыш рет кандидат ұсынамыз. Үміткер 24 сәуір күні елордада өтетін XV съезде анықталады. Себебі, пленумдық отырыста бір шешімге келе алмадық. Пленумға қатысқандардың басым бөлігі Азат Перуашевтің кандидатурасын ұсынған болатын. Бірақ партия төрағасының өзі басқа да адамдардың үміткер бола алатынын ескертті. Президенттікке үміткер ретінде әйел адамды да ұсыну нұсқасын қазір біздер қарап жатырмыз», - деді ҚР Мәжіліс депутаты Дания Еспаева. 


BAQ.KZ




Көрілген: 638    Пікірлер: 0

сенбі, 20.04.2019, 09:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30