«Ақ жол» партиясының үгіт-насихат тобы Таразда өз сайлаушыларымен кездесті
«Ақ жол» партиясының үгіт-насихат тобы бүгін Тараз қаласында болып өз сайлаушыларымен кездесті. Алдымен партияның Жамбыл областық филиалында партия төрағасы жерлігікті кәсіпкерлермен пікірлесті.
Партия кәсіпкерлердің жағдайына ерекше көңіл бөліп отыр. «Ақ жолдың» сайлауалды бағдарламасында cалықтық рақымшылық жасау, шағын және орта бизнесті қосымша құн салығынан, корпоративтік табыс салығынан және мүлік салығын төлеуден босату көзделген. Оған қоса шағын және орта бизнес төлем қабілеттілігін толық қалпына келтіргенге дейін салықтан босатуды ұсынған. Партия сондай-ақ ауылдағы шағын кәсіпкерлерді және «өзін-өзі жұмыспен қамтыған» халықты да салықтан толығымен босатуды ұсынып отыр.
Бүгін үгіт-насихат тобы Жамбыл обласындағы бірнеше кәсіпорындары аралып көрді. Олардың қатарында «ПОШ-Тараз» фабрикасы, «Тараз КожОбувь», «Тараз тері зауыты» бар. «ТаразКожОбувь» өндірістерге қажетті былғары аяқ киімдерді шығарады. Өндіріс өз цехтарында заманауи Германдық қондырғыларды орнатқан. Ал «ПОШ-Тараз» аймақтағы ең көне өндірістердің бірі, 1961 жылы іргетасы қаланыпты. 2010 жылы мұнда қуаттылығы 873,6 тонна жаңа жүн өңдеу цехы іске қосылған болатын. Бұл өндіріс те заманауи француздық қондырғылармен жабдықталған. «ПОШ-Тараз» зауытында ақжолдқтар өз сайлауалды бағдарламаларын түсіндіріп партияны қолдауға шақырды.