Саяси сахна

Әкім болу әйелдің қолынан келмей ме?

  • Әкім болу әйелдің қолынан келмей ме?

    Әкім болу әйелдің қолынан келмей ме?

Еліміздегі әкім әйелдердің үлес салмағы 221-ді құрайды екен. Нәзікжандылардың әкім креслосында отырғандардың ең көбі Ақмола облысында көрінеді. 49 әйел аудан ауылдағы әкімнің портфелін көтеріп жүр екен. Одан кейінгі орында Алматы облысы болса, Қостанай да қалыса қоймайды. Мұнда 44 әйел ауыл әкімі атанып жүр.  Ал әйел-әкімі жоқ өңір Оңтүстік Қазақстан облысы болып тұр. Мұнда бірде бір әйел әкім болып жүрген жоқ. Оларға әзірге әкімнің орынбасарлығынан басқа жасыл жанбай тұр.

 Ең биік қызметтің құлағын ұстаған деп Ләззәт Смағұлованы атауға болатын сияқты. Ол облыс әкімі аппаратының басшысының орынбасары қызметін атқарып жүр. Одан кейін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова, Төле би ауданының әкімінің орынбасары Рабиға Бейсебаева, Мақтарал ауданы әкімінің орынбасары Алтын Ешенқұловалардан басқа әкімдіктің ауылына қоныс тепкендер аз... Кезінде Сарыағаш ауданының әкімі болған Оразкүл Асанғазиевамен бірге әкім әкім-әйелдердің көші Астанаға көшіп кеткендей әсер қалдыратыны бар. Оразкүл апамыз әкім болу әйелдің де қолынан келетінін дәлелдеп берген болатын. Сарыағаш ауданын басқарып жүрген уақытында Оразкүл апайымыздың халық үшін тындырған тірлігін жұрт әлі күнге дейін аңыз қылып айтады. Бір ғана мысал, ауданды аралап жүргенінде бір шаруашылықтағы малдың жайын білмек болып бұрылады. Барса қораның алды толған малақ, батпақтан аяқ алып жүргісіз дейді. Әкімнің қасында басшысы бар, қосшысы бар өңкей еркек қораға қалай кірерлерін білмей аңтарылып қалса керек. (Бүгінгідей емес, әкім келе жатыр десе көшеге дейін сыпырып қоятын уақыт емес ол кезде). Сөйтсе Оразкүл апамыз әлгі батпаққа аяғын малып, өзі бастап малаққа малшынып қораға бастап кіріп кетеді. Артында қалғандары да амалсыз еруге тура келіпті...

Ауданның әлеуетін көтеруге бел шешіп, білек сыбанып кіріскен апамыздың еңбегінің өтелген жайы бар. Түйіншек болып түйілген біраз мәселенің түйінін тарқатуға септігі тиді. Талай игі бастамалардың бастау алуына мұрындық болды. Әйтеуір әкім апамыздың биік мінберлерден батыл айтқан пікірлерінің жерде қалған жері жоқ. Содан бағы жанып Астанға ауысып кеткелі бері әкім әйелдердің көші де қаңтарлып қалғандай. Кезінде Сарыағаш ауданын басқарып жүргенінде атақты курортқа демалуға келген шенеуніктерді елдің, жердің жағдайымен таныстыра отырып, түйіні тарқатылмаған  мәселелерді шешіп алғанын жұр айтады бүгінде. Мәселен, бір жолы көлік министрі болған Бекболатов деген кісі курортқа келіп демалады. Асанғазиева министрге амалын тауып Сарыағаштың жыртық жамау жолдарын көрсетеді. Ташкентке тиіп тұрған ауданның ойдым ойдым жолдарын көріп министр де ойланса керек. Артынша министрлік ауданға қаржы бөліп, шекарадан шыға берістегі 44 шақырым жолды жөндеп береді. Тағы бір жолы Ульянов деген байланыс министрі Сарыағаш курортында демалады. «Сіз астанадағы үйіңізге телефон шалып көріңізші?» деп әдейі сөз арасында әзілдей айтады. Қанша телефон шалса да министр үйіне түсе алмапты. Ақыры астанаға барған соң Сарыағаштың байланыс жүйесіне арнайы қаржы бөліп, бүкіл коммуникацияны жөндеп бергізген екен. Міне, осылайша қызметін жеке басына емес, халықтың жағдайына орайластырып шеше білген Оразкүл апамыздың тындырған тірлігі көп... Одан бері де әкімдіктің ең биік креслосына отырған Облыс әкімінің орынбасарлығына дейін көтерілген Светлана Бурлаченко еді. Облыс көлеміндегі жиындарда бой көрсетіп, тіліп тіліп сөйлемесе де тәп тәуір қызмет атқарды. Атына сөз келтірген кезі жоқ... Әйтеуір бүгінде облыс әкімінің орынбасарлығына дейін көтеріле алатын, әкім бола алатын әйел аналарымыз көп. Бірақ неге екенін білмейміз оларға атынан түсіп, орнын босатып беретін бірі жоқ сияқты ер азаматтарымыздың. Әйтпесе әлемді бесік етіп тербетіп отырған әйел аналардың қолынан ел басқару келмейді десек ешкім сенбес...




Көрілген: 1448    Пікірлер: 0

жұма, 23.05.2014, 17:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31