Саяси сахна

Әкімдіктегілер Бағдат Мәнізоровтың ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді

  • Әкімдіктегілер Бағдат Мәнізоровтың ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді

    Әкімдіктегілер Бағдат Мәнізоровтың ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Желіде Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоров ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкел осы қауесеттерге қатысты пікір білдірді. "Ресми түрде Бағдат Мәнізоров жұмыс сапарымен жүр. Мен онымен кеше сөйлестім. Бүгін осындай мәліметтер шығуына байланысты, мен, баспасөз жетекшісі ретінде, құқық қорғау органдарына хабарластым. Егер расталмаса, жалған ақпарат таратушы тұлғаларды жауапкершілікке тартатын боламыз", - деді Ғалымұрат Жүкел. Өз кезегінде Антикоррупциялық қызмет басшысының орынбасары Олжас Бектенов шенеуніктің ұсталған ұсталмағаны туралы әзірге хабардар еместігін айтты. "Қолған ақпарат түсе салысымен, сіздер білесіздер, агенттік ашық түрде жұмыс істейді, сол себепті бізд БАҚ өкілдеріне мәліметтерді береміз", -деді ол. 2019 жылы шілдеде Бағдат Мәнізоров Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ол кәсіпкерлікті дамыту бойынша жетекшілік етті. Манзоров тағайындалғанға дейін Алматы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасын басқарды. Бағдат Мәнізоров 1962 жылы Талдықорған облысы, Құйбышев ауылында дүниеге келген. Әр уақытта "Шаған" сауда үйінің президенті, Ақсу ауданының әкімі, "Айсер" ЖШС Бас директоры қызметтерін атқарды. Сондай-ақ, 2008-2017 жылдары аралығында Алатау ауданының әкімі болды.

 




Көрілген: 1091    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.09.2019, 15:17

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қараша, 11:04
    Путин Зеленский жайлы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31