Саяси сахна

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

  • АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Толғау" ЖШС-нің сайттағы интернет алаңдарын ұсынудың жалпы шарттары "- https://alashainasy.kz / " партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына және 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған кезекті сайлауға қатысатын Қазақстан Республикасы Мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарға, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын, 2021 жылғы 11 қаңтарға тағайындалған кезекті сайлауға қатысатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарға  төмендегідей талаптар бойынша интернет алаңдарын ұсынады.

 

 

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 28.09.1995 жылғы Конституциялық заңына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 21 қазандағы № 439 Жарлығы негізінде, сондай - ақ "Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 21 қазандағы Қаулысы негізінде "Толғау" ЖШС-сайт иесі "https://alashainasy.kz /" (бұдан әрі-Сайт), тіркелген кандидаттарға ақпарат береді:

 

 

Ø Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына (бұдан әрі - Кандидат) 2021 жылғы "11" қаңтарға тағайындалған сайлауға қатысатын сайлау алдындағы үгіт &ndashнасихат материалдарын (бұдан әрі үгіт материалдары) сайтқа орналастыру үшін Интернет алаңын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы.

 

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың және Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт- насихаты кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады, осылайша үгіт- насихат материалдарын сайтқа орналастыру 2020 жылғы 10 желтоқсан сағат 18.00-ден кейін 2021 жылғы 09 қаңтар сағат 00.00-ге дейін жүзеге асырылады.

 

 

Сайт жазбаша өтініш пен сайттың меншік иесі мен кандидат не кандидаттың уәкілетті өкілі арасында жасалатын шарт негізінде интернет алаңын ұсынады. Үгіт- насихат материалдарының саны мен орналастыру кезеңі кандидаттың не оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі, содан кейін олар шартта белгіленеді.

 

 

Өтініш кандидаттардың өтініштерін тіркеу журналында кезектілік тәртібімен, әрбір жазбаша өтінішке реттік нөмір мен өтініштің келіп түскен күнін беру арқылы тіркеледі.

 

 

Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:

 

 

1) кандидаттың тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

 

 

2) кандидат өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;

 

 

3) өтініш беруші тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;

 

 

4) шарт жасасу үшін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар.

 

 

Кандидаттардың үгіт- насихат материалдарын сайтқа орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу ретімен не өтініш бір мезгілде келіп түскен жағдайда жеребе бойынша белгіленеді. Жеребені өткізу тәртібі мен шарттарын Сайт айқындайды.

 

 

Үгіт-насихат материалдары сайтқа орналастыру күніне дейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады. Үгіт материалдарында қаржыландыру көздері туралы көрнекі ақпарат және ақпарат берген адамның тегі қамтылуға тиіс.

 

 

Үгіт-насихат материалдарын ұсынған кандидаттар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі үшін дербес жауапты болады.

 

 

Сайттың меншік иесі егер оларда республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, оның тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұру идеялары болса, сондай-ақ оларда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына басқа кандидаттардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін ақпарат болған жағдайда, үгіт материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы. Кандидат Сайт иесінің талап етуі бойынша жоғарыда көрсетілген сипаттағы материалдардағы ақпаратты растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.

 

 

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген интернет алаңдарын беру шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.

 

 

Сайтта үгіт- насихат материалдарын орналастыру құны:

 

 

1) мақала (2 500 символдан артық емес, көлемі 1600х900 пиксель үш фотодан артық емес) - 150 000 (бір жүз елу мың) теңге, ҚҚС қоса алғанда;

 

 

2) баннерлер (1000 көрсетілім) - 500 (бес жүз) теңге, ҚҚС қоса алғанда, баннерлердің көлеміне қарамастан.

 

 

Сайттың компьютерлік нұсқасындағы баннерлердің өлшемдері: 1000x100(тура), 240x400(тура), 720x120 (тура).

 

 

Орналастырылған материалдар Desktop нұсқасында қол жетімді болады.

 

 

Сайтта үгіт-насихат материалдарын орналастырғаны үшін жасалған шарт бойынша ақы төлеу шот ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сайттың меншік иесі ұсынған төлем шотының негізінде жүзеге асырылады.

 

 

Партиялық тізімдер бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың және Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың үгіт материалдарын сайтқа орналастыруға жазбаша өтініштерді тіркелген кандидаттардан 2020 жылғы 10 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 06 қаңтарды қоса алғанда, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, Алматы қаласы, Мыңбаев көшесі, 151 үй (тоғызыншы қабат) мекенжайы бойынша қабылдайды. Өтініштер күн сайын, жұмыс күндері 10 сағат 00 минуттан 17 сағат 00 минутқа дейін қабылданады.

 

 

Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың үгіт-насихат материалдарын сайтқа орналастыруға жазбаша өтініштерді тіркелген кандидаттардан сайттың меншік иесі 2020 жылғы 27 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 06 қаңтарға дейін қоса алғанда қабылдайды, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, Алматы қаласы, Мыңбаев көшесі, 151 үй (тоғызыншы қабат) мекенжайы бойынша. Өтініштер күн сайын, жұмыс күндері 10 сағат 00 минуттан 17 сағат 00 минутқа дейін қабылданады. 

 

Факсимильді және Интернет байланысы арқылы жазбаша өтініштер қабылданбайды.

"Толғау" ЖШС




Көрілген: 542    Пікірлер: 0

сейсенбі, 17.11.2020, 00:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Желтоқсан 2020
    Әблязов 15 жылға сотталды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31