АҚШ Беларуське салынған санкцияларды уақытша алып тастауы мүмкін

20 мамыр 2022, 10:30

АҚШ Украина астығын Латвияға өз аумағы арқылы экспорттауға рұқсат берсе, Беларусьтегі калий тыңайтқыштарына салынған санкцияларды уақытша алып тастауы мүмкін, деп хабарлайды WSJ. 
 
Басылымның дереккөздерінің хабарлауынша, бұл санкциялар алты айға жойылуы мүмкін. Беларусь билігі келіссе, дәнді дақылдар теміржол арқылы Литваның Клайпеда қаласының портына жеткізіледі.

Бұған дейін басылым БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің осындай ұсынысы туралы жазған болатын. Дереккөздердің хабарлауынша, ол Мәскеуді Украинадан астық тасымалдайтын кемелердің өтуіне айырбас ретінде Ресей мен Беларусь тыңайтқыштарына экспорттық шектеулерді жеңілдетуге шақырған.

Бұған қоса, тыңайтқыштардың жаһандық тапшылығы азық-түлік тапшылығы мен әлемнің ең кедей елдерінде ашаршылықты тудыруы мүмкін екені хабарланды.


BAQ.KZ