АҚШ Киевке көмектесу үшін Ресейге қатысы бар активтерді тәркілеу туралы заң жобасын мақұлдады

28 сәуір 2022, 10:17

Сәрсенбі күні АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы АҚШ билігінің Киевке, соның ішінде әскерилерге қосымша көмек көрсету мақсатында Ресей Федерациясына қатысы бар кейбір активтерді сатуды және тәркілеуді көздейтін заң шығару бастамасын мақұлдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.    

 
Аталған заң жобасын 417 конгресмен қолдап, сегізі қарсы шықты. Бұл бастамаға сәйкес, АҚШ президенті «қаржысы Ресей билігімен байланысы болуы мүмкін ішінара сыбайлас жемқорлық арқылы алынған шетелдіктердің активтерін Құрама Штаттардың юрисдикциясымен тәркілеу және тыйым салу үшін конституцияда көзделген барлық шараны қабылдауы» керек. Сонымен қатар, бұл РФ билігіне қолдау көрсету арқылы меншіктелген активтерге де қатысты болмақ.

Құжатта бұл шаралардың ресейлік энергетикалық компанияларға тиесілі активтерді қоса алғанда, құны 2 миллион АҚШ доллары немесе одан да көп активтерге қатысты қабылдануы тиіс екені айтылады.

«Активтер сатылуы керек, ал түскен қаражат Украинаны қалпына келтіруге, оған әскери және гуманитарлық көмек көрсетуге, украиндықтардың басқа елдерге қоныс аударуына көмектесуге жұмсалуы керек. Сонымен қатар, бұл қаражатты «гуманитарлық көмек пен орыс халқының дамуына, оның ішінде демократия саласындағы, адам құқықтары саласындағы бағдарламаларға және олардың мониторингіне көмек көрсетуге» пайдалану мүмкіндігі қарастырылған», - делінген құжатта.


Бұған қоса, бастама АҚШ билігіне ресейлік заң шығарушыларға қарсы қосымша санкциялар енгізу мүмкіндігін қарастырады.