Саяси сахна

АҚШ Президенті Қ. Тоқаевтың реформаларын қолдайды – Мемлекеттік хатшы

  • АҚШ Президенті Қ. Тоқаевтың реформаларын қолдайды – Мемлекеттік хатшы

    АҚШ Президенті Қ. Тоқаевтың реформаларын қолдайды – Мемлекеттік хатшы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен телефон арқылы сұхбаты өтті. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми сайты деп хабарлады.

Тараптар халықаралық күн тәртібі мен екіжақты қарым-қатынастардың маңызды мәселелерін, оның ішінде кеңейтілген стратегиялық серіктестікті тереңдету перспективаларын талқылады.

М. Тілеуберді Президент Қ. Тоқаевтың жолға қойған Қазақстанның әлеуметтік-саяси жүйесін одан әрі демократизациялауға бағытталған реформалар жөнінде хабардар етті.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы өз тарапынан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси реформалар жоспарын АҚШ-тың табанды қолдайтынын мәлімдеді.

Сонымен қатар, Қазақстан мен АҚШ арасында дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына арналған іс-шараларға дайындық пен олардың кестесі және С5+1 диалог платформасының жуырда өтетін онлайн-отырысы қарастырылды.


 
BAQ.KZ




Көрілген: 463    Пікірлер: 0

жұма, 23.04.2021, 08:17

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30