АҚШ Украинада биологиялық зертханалардың бар екенін мойындады

09 наурыз 2022, 11:03

Украинада зерттеулер жүргізілетін биологиялық зертханалар бар және Ресей әскери оларды бақылауға алуға тырысып бағуда. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысының саяси істер жөніндегі орынбасары Виктория Нуланд Америка Құрама Штаттары Сенатының сыртқы істер комитетіндегі тыңдауда айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Виктория Нуландтың айтуынша, АҚШ объектілердің Ресей армиясының бақылауына өтуіне тосқауыл болуға тырысып жатыр. 

"Украинада биологиялық зерттеу нысандары бар, іс жүзінде біз қазір Ресей әскери күштері оларды бақылауға алуға тырыса ма деп алаңдап отырмыз. Сондықтан біз украиндармен бірге осы зерттеу материалдарының Ресей күштерінің қолына өтуіне жол бермеу үшін қарқынды жұмыс істеп жатырмыз", – дейді Нуланд.

Украинада биологиялық немесе химиялық қарумен байланысты қандай да бір оқиға үшін жауапкершілікті Ресей көтеретінін де мемлекеттік хатшы орынбасары айтып өтті.

Ресей Қорғаныс министрлігі Украинада Пентагон бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін 30-дан астам биологиялық зертханалардың желісін құру жайлы айтқанын БАҚ мәлімдеген еді. Оларды ғылыми-зерттеу және санитарлық-эпидемиологиялық деп бөлуге болады. Жүргізілетін жұмыстардың тапсырыс берушісі - АҚШ Қорғаныс министрлігінің әскери қауіпті азайту жөніндегі басқармасы.