Саяси сахна

АҚШ ұстанымын өзгертпесе, ешқашан келіссөз болмайды - Ким Чен Ын

  • © qazaqtimes.com

    © qazaqtimes.com

Солтүстік Корея өзінің ресми ақпарат агенттігі арқылы мәлімдеме таратып, АҚШ тарабы Корей түбегі мәселесіндегі ұстанымын өзгертпесе, ядролық келіссөздің ешқашан болмайтынын айтты.


КХДР-ның ядролық келіссөз туралы бұл жаңа мәлімдемесі АҚШ президенті Дональд Трамптың Жапониядағы ресми сапары қарсаңында жасалған.


Солтүстік Кореяның Сыртқы істер министрлігінің аталған мәлімдемесінде, КХДР мен АҚШ лидерлерінің екінші реткі саммитінің нәтижесіз аяқталуына Солтүстік Кореяның жауап бермейтінін, Құрама Штат тарабы өзінің ұстанымдарын өзгертпесе, Корей түбегінің ядролық қарусыздануы туралы келіссөздер қайта басталмайтынын білдірген.


Трамп билікке шыққаннан кейін АҚШ пен Солтүстік Корея арасында бір мезгіл ядролық соғыс қаупі артып, өңірдегі елдерді қатты алаңдатқан еді. Былтыр жыл басында КХДР басшысы Ким Жоң Ун (Ким Чен Ын) мәлімдеме жасап, "ядролық қобдишаны келіссөз үстеліне алып шығатынын", "КХДР режимінің сақталуына кепілдік берілген келіссөздерге дайын екенін" жеткізді.


Содан бастап АҚШ пен Солтүстік Корея арасында келіссөздер жанданды. Биыл ақпан айының соңында екі ел басшысы екінші реткі саммитін Вьетнам астанасында өткізді.


Алайда бұл келіссөз нәтижесіз аяқталып, қос тарап келісімге келе алмады. Себебі, тараптар бір-бірінің талаптарына келіспеген.


АҚШ Солтүстік Кореяның толықтай ядролық қарусыздануын талап еткен.


Ал, Солтүстік Корея ядролық қарудан бас тартудан бұрын экономикалық санкциялардың алынып тасталуын сұраған.


qazaqtimes.com


 


 




Көрілген: 566    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.05.2019, 21:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31